24-ші желтоқсан күні Ахмет Ясауи университетінде Өнер факультетінің студенттері Ресей Омбы «Халықтық өнер мектебі институтының» ректоры, п.ғ.д., профессор Қайыртай Әмірғазин Жақыпұлы және Түркия Мемлекеті Ақдеңіз университеті Өнер факультетінің декан орынбасары, п.ғ.к., доцент Өмер Зайымоғлымен кездесті.
Шараға факультет деканы, п.ғ.к., доцент Б.Абусейтов, «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Е.Әуелбеков, п.ғ.к., доцент Ж.Ж.Бейсенбековтың және оқытушы-профессорлар және студенттер қатысты.
Кездесу барысында профессорлар студент жұмыстарымен және дәріс берген студенттерінің өнер туындыларының нәтижелерімен танысты. Сонымен қатар ұстаздар қазақ қол өнері, матаға сурет салу, шимен кілем тоқу, сәндік қолданбалы өнердің қыр сырын түсіндірді.
П.ғ.д., профессор Қ.Әмірғазин және п.ғ.к., доцент Өмер Зайымоғлы университетіміздің өнер факультетінің студенттеріне тікелей онлайн дәріс жүргізеді.
Сондай-ақ кездесуде Ресей Омбы «Халықтық өнер мектебі институты және Түркия Республикасы Ақдеңіз университеті арасындағы қарым-қатынасты нығайту, студенттер мен оқытушы құрамымен тәжірибе алмасу, кәсіби білім беру, халықаралық көрмелер өткізу, графикалық дизайн, керамикалық дизайн мамандықтарын ашу туралы ұсыныстар туралы мәселелер қозғалды.
Басқосуда студенттер қонақтармен сұхбаттасып, ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды.
Г.Маманова
Фото: О.Назаров,
Ақпарат орталығы
Қаңтар 2016
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
28 | 29 | 30 | 31 | 1 | 2 | 3 |
4 | 5 |
6
|
7 |
8
|
9 | 10 |
11 | 12 |
13
|
14
|
15
|
16 | 17 |
18
|
19 |
20
|
21
|
22
|
23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |