Сенат мәжілісі өтті

Жақында Ахмет Ясауи университетінің Мәдениет орталығының кіші залында кезекті  №3  Ғылыми Сенаты болып өтті.

Университет президенті, профессор У.С.Әбдібеков Сенат мүшелерін келе жатқан Жаңа 2016 жылмен құттықтап, отбасыларына береке, еңбектеріне табыс тіледі. Сенат отырысы жақсы жаңалықтардан басталды. Университет профессоры У.С.Әбдібеков пен І вице-президент, профессор М.Куталмыш «Қазақ тілі» кафедрасының алғашқы меңгерушісі, университет профессоры М.Е.Ержановтың 75 жасқа толуына, профессор Қ.С.Ергөбектің 63-ке келуіне байланысты, университет тарапынан құттықтау хаттар табыстап, иықтарына шапан жауып, қаржылай марапаттады. Сондай-ақ, басшылар, университетіміздің абыройын асқақтатқан, Елбасы Жарлығымен арнайы марапатталған «Құрмет» орденінің иегері, Шымкент Медицина институты бөлімінің кафедра меңгерушісі Нұрдилла Келжанұлы Түзелбаевты көпшілік алдында арнайы құттықтады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрі Т.Дүйсенованың «Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру ісіне қосқан жеке үлесі және мінсіз адал еңбегі үшін» «Алғыс хатымен» Г.Нұсқабаева, У.Татыкаева, Г.Айболовалар марапатталды.

2014 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігінің  «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің жаратылыстану, технологиялық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы Байқауының» республикалық кезеңінен жүлделі орын алған бірнеше студенттер мен олардың жетекшілері (Р.Раматуллаева - жетекшісі «Биология» кафедрасының меңгерушісі Заида Ажибаева, Р.Алтынбек –Нұрбай Досанов, Қарпықбаев Мухамедали – Досмаханбет Асан ) т.б., марапатталды.

 Университеттің І вице-президенті Мехмет Куталмыштың «Ахмет Ясауи университетінің Стратегиялық даму көрсеткіштерін жақсарту туралы» баяндамасы тыңдалды.Онда университетіміздің стратегиялық маңызы бар оқу орны екендігі, жүздеген жылдар бұрын мәдениет пен білімнің ошағы болған бұл аймақтың қайта жаңғырып, рухани астанаға айналатынын, бұны екі елдің басшылары да қолдап, қуаттап отырғандығын, осы уақытқа дейін көптеген конгресс пен конференциялардың өткізілгенін, қаншама аккредитация, аттестация, академиялық тексерулерден кедергісіз өтуіміз, университетіміздің барлық салада жақсы жетістікпен келе жатқандығын көрсететіндігін, көптеген оқытушы-профессорларымыздың Түркияға және түркі елдеріне жіберілсе, ол жақтан да қаншама оқытушы-профессорлар құрамы келіп еңбек етіп, тәжірибе алмасып жатқандығын айтты. Док.,проф.Музаффер Элмас бастаған академиялық тексеру комиссиясының төрт жылдан бері университетімізде тексеру жұмыстарын жүргізіп келе жатқандығын, М.Элмас мырзаның 5 жылдан бері басқарып келе жатқан Сакария университеті 2015 жылы Еуропа Сапа Менеджменті Қоры тарапынан «көшбасшылық» наградасымен марапатталғаны, Сакария университетін осы үлкен жетістікке жеткізген «Мықты көшбасшылық және ауысымды басшылық» түсінігі екендігін М.Элмас сөзімен байланыстырды. «Осы жерде мынаны айтқым келеді»,- деді баяндамашы, «Сакария университетінің шамамен 80 мың студенті бар және жылдық бюджеті біздікінен екі есе көп. Осы жағдайларды ескере келе, жақында бізге берілетін тексеру комиссиясының есебін кітапша түрінде көбейтіп, барлық факультет декандарына, кафедра меңгерушілеріне, тіпті әкімшілік-басқару секторы қызметкерлері мен оқытушыларға беруді ойластырып отырмыз. Студенті аз, немесе келмеген бөлімді жауып, студенті көп бөлімдердің жұмысын, шетелдік оқу орындарымен байланысты күшейту керек. Компьютер, электр энергиясы, медицина, биология лабораторияларын қысқа мерзім ішінде жоғары деңгейге көтеру керек»,-деген сияқты көптеген өзекті мәселелерді ортаға салды.

Университетің вице-президенттері Мұстафа Нұрсой, Н.Батырбаевтардың бірге дайындаған баяндамасында, 2015 жылғы университеттің материалдық- техникалық, қаржылық-шаруашылық қызметтерінің қорытындысы, 2016 жылға арналған қаржылық жұмыстарды жоспарлау, бекіту мәселесі туралы көптеген мәселелерді ортаға салды.

Университеттің шаруашылық істері жөніндегі вице-президент Н.Батырбаев, атқарылған ағымдық жөндеу жұмыстарына (ішкі, сыртқы) тоқтала келіп, жиһаз жасау цехы бойынша, подстанция бойынша, лас су тазалау және су қоймасы бойынша, қазандықтар, ботаникалық бақ бойынша атқарылған жұмыстарға кең ауқымда тоқталды. Баяндама бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Мәжілісте қаралған екі баяндама да көпшіліктен қолдау тауып, қанағаттанарлық деп табылды. Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер оң шешімін тапты. Сенат мүшелері ұсыныс, пікір білдіруде белсенділік танытты.

 

Б.Оспанқызы,

ф.ғ.к., доцент.

Фото: О.Назаров,

Ақпарат орталығы.

Жаңалықтар мұрағаты

Қаңтар 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13
  • ЮНЕСКО-ның 2016 жылды Қожа Ахмет Ясауи жылы деп жариялауына орай Анкарада жиын өтті
  • ОПҚ , ғылыми қызметкерлер мен білімгерлер назарына!
  • Шетелде оқып жүрген студенттер
14
  • Кәсіби бағдар жасалды
15
  • Кентау институты жеңімпаз
16 17
18
  • Ғылымға жол ашқан семинар
19 20
  • Факультеттер ғылыми есеп беруде
21
  • Кеңейтілген оқу-әдістемелік семинар
  • Хабарландыру!
22
  • Өнер факультетінің ғылыми есебі тыңдалды
23 24
25 26 27 28 29 30 31