Жаңа 2016 жыл құтты болсын!

Қымбатты университетіміздің оқытушы-профессорлары және қызметкерлері! Сүйікті студенттер!

Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз қой жылын шығарып салып, жаңа мешін жылын күтіп отырмыз. Қой жылы Еліміз үшін де, оқу орнымыз үшін  де өте берекелі жыл болды деп айта аламыз.   

 2015 жылы университетіміз үлкен жетістіктерге қол жеткізді.  Атап айтар болсақ: IQNet Халықаралық сертификаттар жүйесінің партнері - Түрік Стандарттары институты (ТСИ, Анкара) тарапынан Халықаралық ISO 9001 стандартының талаптарына сәйкес сыртқы аудиттен сәтті өттік; 400 студентіміз Түркия мен Еуропаның 25-ЖОО-на білім алмасуға жіберілді; Жаңа кітапхана ғимараты пайдалануға берілді; Стадион құрылысы басталды;Университет құрылымы қайта жасақталды;Түркия тарапынан студенттерге тегін білім алу үшін 500 квота бөлінді; Студенттеріміз білім, өнер, спорт саласында да үлкен жетістіктерімен қуантты; Самбо күресінен өткен әлем чемпионатының, Студенттер лигасы жарысының футбол, волейбол құрама командасының жеңімпаздары, т.б., ән-жыр додасынан топ жарған жастарымыз бар.

Қазақ хандығының 550 жылдық ұлы тойы мерейімізді асырды, оқу ордамызда да Қазақ хандығына арналған бірнеше халықаралық конференция өтті. Еліміздің «Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігi» (БСҚА) 2015 жылғы рейтингтік көрсеткішінде Қазақстан бойынша сынға түскен белді оқу орындары арасында университетіміз 9-орынға ие болды.  QS (Quacquarelli Symonds) халықаралық зерттеу орталығының 2015-2016 жылға арналған Шығыс Еуропа және Орталық Азияның 20 елінен 500-ден астам университет қатысқан рейтинг нәтижесінде университетіміз 141 орынға ие болды.

 Құрметті әріптестер, шәкірттер! Міне мұның барлығы да қой жылында біз бен сіз бағындырған белестер.

Табалдырықтан аттағалы отырған Мешін жылы біздің университетіміз үшін үлкен жетістіктерге толы деп ойлаймын. Біз алдымызға үлкен жоспарлар қойдық. Осы жолда бірге қызмет етеміз.

Қымбатты университет ұжымы!

Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Жаңа жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарларға толы болсын! Сіздерге жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл жылы жақсы өзгерістер, қуанышты сәттер көп болсын. Жаңа жылда алға қойған барлық мақсаттарымыз орындалсын!

Жанұяларыңызға шаттық пен береке, бірлік тілеймін!

 

Құрметпен У.С.Әбдібеков,

университет президенті,

профессор.

Жаңалықтар мұрағаты

Қаңтар 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13
  • ЮНЕСКО-ның 2016 жылды Қожа Ахмет Ясауи жылы деп жариялауына орай Анкарада жиын өтті
  • ОПҚ , ғылыми қызметкерлер мен білімгерлер назарына!
  • Шетелде оқып жүрген студенттер
14
  • Кәсіби бағдар жасалды
15
  • Кентау институты жеңімпаз
16 17
18
  • Ғылымға жол ашқан семинар
19 20
  • Факультеттер ғылыми есеп беруде
21
  • Кеңейтілген оқу-әдістемелік семинар
  • Хабарландыру!
22
  • Өнер факультетінің ғылыми есебі тыңдалды
23 24
25 26 27 28 29 30 31