2016 жыл толағай табыстарға толы болғай!

29-желтоқсан күні Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығында университет ұжымы жаңа жыл мерекесін атап өтті. Тәрбие және мәдени істер департаменті, продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен және кәсіподақ комитетінің демеушілігімен өткен жаңа жыл кешінеуниверситет ректораты және оқытушы-профессорлар  қатысты.

Мерекелік кеш университет ректоры, профессор У.С.Әбдібеков және І вице-президент Мехмет Куталмыш мырзалардың құттықтау сөзімен ашылды. «Баршаңызды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын! Жоспарларыңыз іске асып, әрбір игі істермен жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Өтіп бара жатқан қой жылы университетіміз үшін де, еліміз үшін де өте берекелі табысты жыл болды»,-деп Уәлихан Әбдібеков 2015 жылдары қол жеткен жетістіктерге тоқталды. Ал, Мехмет Куталмыш «Құрметті әріптестер, сүйікті студенттер келе жатқан жаңа жыл құтты болсын. Оқу орнымыздың абыройы артып, күн өткен сайын дамып келеді. Мұның барлығы ұжым еңбегі. Барлығыңызға отбасылық бақыт, береке, бірлік тілеймін»,-деп сөзін түйіндеді. Мұнан әрі оқу орын басшылары университет дамуына үлес қосып, жыл бойы үздік қызмет атқарған оқытушы-профессорларды және беделді ісімен танылған қызметкерлерді «Үздік қызметкер» сынды номинациялармен марапаттап, университет кәсіподағы тарапынан сый-сияпат табыстады. Сондай-ақ, барлық факультетке теледидар үлестірілді.

Жаңа жылдық кеш барлық көрермендер мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қуантып тастады. Ән-күй мен биге толы жаңа жылдық шарада, университет ұжымы мерекелік көңілмен тарасты.

 

Г.Маманова,

Фото: О.Назаров,

Ақпарат орталығы.

Жаңалықтар мұрағаты

Қаңтар 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13
  • ЮНЕСКО-ның 2016 жылды Қожа Ахмет Ясауи жылы деп жариялауына орай Анкарада жиын өтті
  • ОПҚ , ғылыми қызметкерлер мен білімгерлер назарына!
  • Шетелде оқып жүрген студенттер
14
  • Кәсіби бағдар жасалды
15
  • Кентау институты жеңімпаз
16 17
18
  • Ғылымға жол ашқан семинар
19 20
  • Факультеттер ғылыми есеп беруде
21
  • Кеңейтілген оқу-әдістемелік семинар
  • Хабарландыру!
22
  • Өнер факультетінің ғылыми есебі тыңдалды
23 24
25 26 27 28 29 30 31