ХҚТУ Клиникасында жаңа бөлімдер ашылды

Жуырда Ахмет Ясауи университеті,  Клиника-диагностикалық орталығында стоматология бөлімі мен микробиология зертханасының ресми түрдегі ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты ашылу рәсіміне Өкілетті Кеңес төрағасы, професссор М.Йылдыз, университет президенті, профессор У.Әбдібеков, I вице-президент, профессор М.Куталмыш, Өкілетті Кеңес мүшесі, профессор М.Шимшек, ХҚТУ Клиника-диагностикалық орталығының басшысы С.Рүстемова, университет басшылары мен клиника ұжымы қатысты.

Стоматология бөлімі және микробиология зертханасының лентасынӨкілетті Кеңес төрағасы, профессор М.Йылдыз және университет президенті, профессор У.Әбдібеков, Өкілетті Кеңес мүшесі, профессор М.Шимшек қиды.

Профессор Мұса Йылдыз: «Ахмет Ясауи университетінің клиникасы халықаралық стандартқа сай соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Халыққа қызмет қөрсетумен қатар түркі халықтарының бір-бірімен қарым-қатынастарының нығаюына, бірлік пен тұтастығын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады» деп атап өтті.

Университет ректоры, профессор У.Әбдібеков: «Университетіміз жылдан-жылға көркейіп, дамып келеді.Оның бір дәлелінеқазір куә болып отырсыздар.Озық үлгідегі заманауи құрылғылармен жабдықталған Стоматология бөлімі мен микробиология зертханасы халыққа қызмет көрсетіп, студентттер сапалы білім алады деген үміттемін» деп клиника ұжымына сәттілік тіледі.

Клиника басшысы С.Рүстемова «Бүгін қуанышты күндердің бірі. Өйткені жаңа бөлімдер ашылып жатыр. Университет студенттерінің тәжірибе алуына, халыққа қызмет көрсетуге ұжыммен жұдырықтай жұмылып бірлесе отырып, жұмыс атқарамыз» - деп, университет басшылығына алғысын білдірді».

Стоматология бөлімі және микробиология зертханасының жабдықтау үшін 56 млн. теңге қаражат жұмсалған. Бөлімдерге жасақтауға алынған құрал-жабдықтар мен қажетті саймандар, медициналық аппараттар соңғы үлгідегі құрылғылар болып табылады. Бұл бөлімдердің ашылуына Өкілетті кеңес төрағасы, профессор Мұса Йылдыз мұрындық болды. Заманауи технологиялық фантом бөлмесі, рентген аппараты, 6 стоматологиялық  креслолармен қамтылған бұл бөлімде жоғары курс студенттері тәжірибелік білімдерін шыңдайды.

Шара барысында келген қонақтарға сый-сияпат табысталып, университет басшылары клиника-диагностикалық орталық бөлімдерін аралады.

 

Г.Маманова.

Фото:О.Назаров

Ақпарат орталығы

 

Жаңалықтар мұрағаты

Қаңтар 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13
  • ЮНЕСКО-ның 2016 жылды Қожа Ахмет Ясауи жылы деп жариялауына орай Анкарада жиын өтті
  • ОПҚ , ғылыми қызметкерлер мен білімгерлер назарына!
  • Шетелде оқып жүрген студенттер
14
  • Кәсіби бағдар жасалды
15
  • Кентау институты жеңімпаз
16 17
18
  • Ғылымға жол ашқан семинар
19 20
  • Факультеттер ғылыми есеп беруде
21
  • Кеңейтілген оқу-әдістемелік семинар
  • Хабарландыру!
22
  • Өнер факультетінің ғылыми есебі тыңдалды
23 24
25 26 27 28 29 30 31