Ахмет Ясауи университетінде біліктілік жетілдіретін болады

Бүгін оқу ордамызға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының "Діни білім және ғылым" бөлімінің меңгерушісі Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы арнайы іс-сапармен келді.

Университет президенті, профессор У.Әбдібековтің қабылдауында болған Бақтыбай Қыдырбайұлы Ахмет Ясауи университеті турасындағы пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, өзінің шетелдегі іс-сапары барысында Ахмет Ясауи университетін Шетелдік ЖОО жақсы білетіндігін тілге тиек етті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыстарымен таныстыра өтіп, Қазақстандағы имамдардың біліктілігін жетілдіру курсын  осы оқу орнында ұйымдастыруды ұсынды. Университет басшысы бұл ұсынысты қабыл алып, алдағы уақытта Қазақстан мұсылмандар діни басқармасымен бірлесе отырып имамдардың біліктілігін жетілдіру курсын ашуға университтеттің толық мүмкіндігі бар екенін және оған қолдау көрсететінін білдірді.

Ақпарат орталығы.

Жаңалықтар мұрағаты

Қаңтар 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13
  • ЮНЕСКО-ның 2016 жылды Қожа Ахмет Ясауи жылы деп жариялауына орай Анкарада жиын өтті
  • ОПҚ , ғылыми қызметкерлер мен білімгерлер назарына!
  • Шетелде оқып жүрген студенттер
14
  • Кәсіби бағдар жасалды
15
  • Кентау институты жеңімпаз
16 17
18
  • Ғылымға жол ашқан семинар
19 20
  • Факультеттер ғылыми есеп беруде
21
  • Кеңейтілген оқу-әдістемелік семинар
  • Хабарландыру!
22
  • Өнер факультетінің ғылыми есебі тыңдалды
23 24
25 26 27 28 29 30 31