11-ші ақпан күні Ахмет Ясауи университеті, Медицина факультеті, «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Г.Н.Оразбекқызының ұйымдастыруымен Ғылыми кітапхана конференц-залында қайырымдылық шара өтті. «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасы және он бес кураторлық топ студенттерінің қолдауымен өткен іс-шараға Медицина факультетінің деканы М.Ж.Сағынәліұлы, кафедра ұжымы мен студенттер қатысты.
«Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушылары мен студенттері Кентау,Түркістан қаласында 1-4 сынып аралығында оқитын 10 тұл жетім балаларды бір қуантып тастады. Атап айтсақ, Түркістан қаласы, Ж.Жабаев атындағы №18 мектептен әпкелі-сіңлілі Ақерке, Ұлбосын, Гүлзима, Арайлым Мусралиевалар, Хамза мектебінен Дильфуза Хакимжанова, Иқан ауылы Қ.А.Ясауи мектебінен Севинич Арысханова, ағайынды Бахрам, Ахрар Икрамовтар, Кентау қаласы №24 мектептен Мейіржан Айтбаева, Гүлмира Бекжановаларға қажетті киімдер, аяқ киім, рюкзак, кеңсе заттары үлестірілді. Балалар қуанышында шек болмады. Мәз-мейрам болысқан балақайлар тақпақ айтып, ән шырқап, би-билеп көңілдері көтеріңкі болды. Игі шараның мақсаты да осы балдарға қуаныш сыйлап, жүрек жылуын арнау еді.
Медицина факультетінің деканы, доцент М.Жүнісов ұжымға алғысын білдірді: «Бүлдіршіндерімізге демеу, көмек көрсетіп, алға қарай талпынуына себепші болған, белсенділік танытқан кафедрамыздың алғашқы бастамасын қолдап келіп отырғандырыңызға рахмет. Бұл бүлдіршіндерден ертеңгі күні елге қызмет ететін экономист, заңгер, дәрігер, мұғалім сияқты азамат пен азаматшалар шығады. Сондықтан бүгінгі іс-шарадан факультеттер мен кафедралар үлгі алады деген сенімдемін»-деді.
«Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к, Гүлназ Нұсқабаева: «Ең алдымен кафедраға қарасты 15 кураторлық топ студенттер мен кафедра ұжымына алғысымды білдіремін. Кішкентай бүлдіршіндерімізге білім жолында жетістіктер мен мықты денсаулық тілеймін. Студенттеріміз де бұл шарадан үлкен әсер алды. Балалардың көңілін аулап, сауалдар қойып, мақсаттарын білді.Балдарымыздыңкөбісі дәрігер болуды армандайтыны қуантты.Балдарымыз да мейірімділікті сезіп, ашылып тақпақ айтып, өнерлерін көрсетті»-деді.
Сондай-ақ, балдардың туыстары атынан Перизат атты апай сөз алып, ұжымға алғысын білдірді. Перизат апай «Жетім жерде жыласа, көкте періште қайғырады» дейді, міне балаларымызды сондай керемет қуантып отырсыздар. Мейірімге толы жақсылықтарыңызға ризамыз – деп жүрекжарды лебізін жеткізді.
Ия, қайырымдылық –қадірлі іс. Жетімдерге қамқорлық жасау сауапты ізгі амал. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Менімен жетімге қамқорлық етуші адам жәннатта мына екі саусақ тәрізді жақын боламыз», – деп сұқ және ортаңғы саусағын көрсетуі де бұл істің абзал, әрі Алланың қош көрген салиқалы сүннет екендігін аңғартады.
Көпке үлгі боларлық осындай игі шара жалғасын тапса нұр үстіне нұр болар еді. Бұл жәудір көз жетімдерімізге рухани жан жылуы, мейірім шуағы тараған күн болды. Қамқорлыққа мұқтаж балдарға қол ұшын сөзар жандар көбейе берсін!
Г.Маманова.
Фото:О.Назаров.
Ақпарат орталығы.
Наурыз 2016
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
29 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
7 | 8 |
9
|
10
|
11
|
12 | 13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18
|
19 | 20 |
21 | 22 | 23 |
24
|
25
|
26 | 27 |
28 |
29
|
30
|
31
|
1 | 2 | 3 |