11.02.2016 ж. университет кітапханасының конференция залында оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президент Б.Ахметовтің студенттік ректорат өкілдерімен және белсенді студенттермен кездесу болып өтті.
Кездесу вице-президент Б.Ахметовке жеке сұрақ қоюға ниет білдірген студенттердің өтініші бойынша ұйымдастырылып, студенттік ректор Д.Әлиханның қатысуымен өтті. Басқосу барысында бүгінгі күні әрбір студент үшін маңызды тақырыптар мен мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, академиялық бағдарламалар бойынша орын санын көбейту және баруға болатын мемлекеттер географиясын кеңейту (Мысалы:Қытай т.б.), кітап қорының жетіспеушілігі(әсіресе медицина және қытай филологиясы саласында және т.б.). Филология факультетінің студенттік деканы «Журналистика» мамандығы оқыту үдерісіне қажетті техникалық жабдықтардың жаңалану қажеттілігі, шетелдік студенттердің оқу барысындағы тілдік мәселелерін сөз етті. Барлық қойылған сұрақтарға вице-президент Б.Ахметов нақты және
дәлелді жауап берді.
Наурыз 2016
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
29 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
7 | 8 |
9
|
10
|
11
|
12 | 13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18
|
19 | 20 |
21 | 22 | 23 |
24
|
25
|
26 | 27 |
28 |
29
|
30
|
31 | 1 | 2 | 3 |