Әйелдер кеңесі Медицина факультетінде

Таяуда Ахмет Ясауи университеті, Медицина факультеті №3 ғимаратының 119-шы дәрісханасында Тәрбие және мәдени істер департаментінің ұйымдастыруымен Әйелдер кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.

Шараға Тәрбие және мәдени істер департаментінің директоры Л.Есентаева, Медицина факультетінің тәрбие жөніндегі декан орынбасары Ғалия Асанова, магистр, PhD докторант оқытушылар қатысты.

Әйелдер кеңесінің төрайымы, профессор Г.Еркебаева Медицина факультетінің жас оқытушыларымен кездесті.

Шараға оқытушылар өте белсенді қатысты. Атап айтсақ, «Профилактикалық медицина», «Пропедевтика және ішкі аурулар», «Арнайы клиникалық пәндер», «Стоматология», «Адам морфологиясы және физиологиясы»,  «Зертханалық пәндер», «Акушерлік іс және гинекология», «Жедел жәрдем», «Педиатрия», «Хирургиялық аурулар», «Жалпы хирургия»  кафедраларының оқытушыларымен тамаша дөңгелек үстел өтті.

Жиын қызу дискуссия түрінде өтті.  Әсіресе, Профилактикалық медицина кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. Куандыкова Айнаш Кенесбаевна, Жедел жәрдем кафедрасының оқытушысы М.А.Сарбасова көкейкесті сауалдарға жауап беріп, белсенділік танытты.

Профессор Г.Еркебаева әлеуметтік психологиядағы тұлғаралық қатынастар мен қарым-қатынастар проблемалары туралы көптеген мағлұмат айтты. Әлеуметтік психологиялық құбылыс ретіндегі қарым-қатынас, тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіндегі жеке адам, жеке адамның топтағы әлеуметтік-психологиялық беделі, психогеометриялық сипаттамалар, инновациялық технология, педагогикалық технология,  педагогикалық тактіні сақтау, мәдениеттілік қасиет, біліктілік, т.б, өзекті мәселелерді жан-жақты талдап, түсіндірді.

Профессор Г.Еркебаева: «Тұтас педагогикалық үрдіс – оқытушының студентке әсері болғанда іске асады. Бұл жерде сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдердің маңызы зор. Әдіс-тәсілсіз студентке сабақты жеткізе алмайсыз. Әр сабақты шеберлікпен өту керек. Талантсыз студент болмайды. Тек соны аша білу керек. Барлық уақытта педагогикалық тактіні сақтау керек» - деді.

Әсіресе оқытушаларға психогеометриялық сипаттама тренингі өте қатты ұнады. Бұл қызықты тренингте оқытушылар өздеріне ұнаған геометриялық әртүрлі фигураларды таңдаған болатын.   Сол бойынша адамның жалпы мінез-құлқы, психотипі, дене қозғалысы, сөйлеу тілі, сырт бейнесі, психологиялық сипаттамасы айтылды.

Жас оқытушылар 46 жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар ұстаз, профессор Г.Еркебаеваның дәрісін қызығушылықпен тыңдады. 

 

Д.Мыңбаева.

Фото: О.Назаров,

Ақпарат орталығы.

Жаңалықтар мұрағаты

Наурыз 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
29 1 2 3 4 5 6
7 8 9
  • Әлеуметтік ғылымдар факультеті жеңімпаз
  • Нәзік жандарды қуанышқа бөледі
10
  • Хабарландыру
11
  • ОПҚ, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар назарына!
  • Самбо күресі чемпионатының жеңімпаздары
12 13
14
  • Үлкен Қаратаудың тасқа салынған суреттерін зерттеу бойынша семинар
  • «Мәңгілік ел» пойызы Түркістанда
  • Хабарландыру
  • «Medical Tokens» клубы Бәйдібек ауданында
  • Cенат мәжілісі өтті
  • Қалалық олимпиада өтті
15
  • Хабарландыру
  • Жыл басы - Наурыз
  • Ұстаздардың жасыл алаңдағы сайысы
16 17
  • Ғылыми-зерттеулерге арналған семинар
  • Биік мұраттарды аңсаған Мехмет Акиф
  • Пәндік олимпиада өтті
  • «Жүректен Жүрекке» қайырымдылық концерті
18
  • Сүйінші, сүйінші – Олимпиада жолдамасы бізде!
  • М.Балақаев оқулары - 3
  • Хабарландыру
19 20
21 22 23 24
  • Чанаккале шейтлерін еске алу кеші
25
  • «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кубогы» басталды
  • «Welcome Nauryz Day!» мерекелік кеші
  • Терапиялық стоматологияның жаңа мүмкіндіктері
  • EXPO-2017 Халықаралық мамандырылған «Болашақтың энергиясы» атты көрмесінде жаңа күн сәулесімен жүретін 2 кісілік автокөлік ұсынылады
26 27
28 29
  • Ғылыми іс-сапар жемісті жалғасуда
  • Хабарландыру
30
  • Анкарадағы мазмұнды кездесулер
31
  • Хабарландыру
1 2 3