12-ақпан күні Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығының үлкен залында Тәрбие және мәдени істер департаменті және Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Түркі әлемі және Хазар түріктері: ынтымақтастықты дамыту» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараға Ауғанстан Ислам Республикасы мәжілісінің депутаты Мұхаммед Хусейн Фахим арнайы қатысты. Сондай-ақ, университет І вице-президенті профессор М.Куталмыш, Тәрбие және мәдени істер жөніндегі вице-президент Б.Мұхамеджанов және университет ұжымы мен студенттері қатысты.
Университет президенті, профессор У.Әбдібековтің құттықтау сөзін Ұйымдастыру және тәрбие істері жөніндегі вице-президент Б.Мұхамеджанов жеткізді: «Бүгін бүкіл түркі халықтарына ортақ мереке. Бұл хазар бауырларымыздың «Халықаралық хазарлар» күні мерекесі. Барша түркі халықтарын және хазарлар халқын осы мерекемен университет ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймын. Құрметті Мұхаммед Хусейн Фахим мырза! «Түркі әлемі және Хазар түріктері: ынтымақтастықты дамыту» тақырыбындағы Хазар ұлтын таныстыруға арналған салтанатты жиынға қош келдіңіз!».
І вице-президент, профессор М.Куталмыш: «Оқу ордамызда 20-ға жуық хазар түркілері білім алуда. Хазар халқының тарихи сабақтастарын өзге жастарға таныту шараларын ұйымдастыруы бізді қатты қуантып отыр. Хазар халқының ұлық мерекесімен құттықтаймын»-деп ізгі тілегін білдірді.
Қадірлі қонақ Мұхаммед Хусейн Фахим мырзаға университет атынан сый-сияпат табыстады.
Достық, ынтымақтастық қарым-қатынас орнату мақсатында келген, Ауғанстан Ислам Республикасы мәжілісінің депутаты Мұхаммед Хусейн Фахим «Құрметті университет президенті, қымбатты оқытушы-профессорлар қауымы! Түркі әлемінің ортақ білім ордасындағы мәдени-танымдық іс-шараға қатысқанымды өзіме мәртебе санаймын.Мереке құтты болсын!»-деп қуанышын жеткізді.
Сонымен қатар skypе әлеуметтік желіcі арқылы Кабулдағы Ибн-Сина атындағы университетінің президенті PhD. Мохаммад Әмин Ахмади және Түркиядағы Ауғанстан Хазарлары мәдени және ынтымақтастық қауымының басшысы Мұхаммед Гүл, Хазар түркілерін мерекемен құттықтады. Халықаралық Қатынастар кафедрасының оқытушысы, PhD Мехмет Топлу «Хазарлар және Түркі дүниесі» жайында хазар халқының тарихына арналған баяндама оқыды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға жалғасты. Сондай-ақ қадірменді қонақ университет Түркі халықтар мұражайымен танысып, лебіз кітабына тілегін қалдырды.
Г.Маманова.
Фото:О.Назаров
Ақпарат орталығы.
Наурыз 2016
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
29 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
7 | 8 |
9
|
10
|
11
|
12 | 13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18
|
19 | 20 |
21 | 22 | 23 |
24
|
25
|
26 | 27 |
28 |
29
|
30
|
31
|
1 | 2 | 3 |