12-13.02.2016ж күні Жаратылыстану факультеті, «Физика» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен студенттік жатақханаларда тәрбие сағаттары өткізілді.
Физика кафедрасының оқытушылары п.ғ.к., доцент Ә. Сарыбаева мен магистр оқытушы А. Батырбекова №2 қыздар жатақханасында қазіргі қоғамда қыз тәрбиесінің маңызды екендігін түсіндіру мақсатында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында баяндама жасап, университет студенттерімен сұқбат жүргізді.
Сонымен бірге кафедра оқытушысы доцент, PhD доктор Али Чорух және магистр оқытушы Ш.Раманкулов студенттердің арасында «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру мақсатында №4 мейірімділік жатақханасында «Бірлігіміз жарасқан» атты тақырыпта тәрбие сағатын жүргізді.
Аталған іс-шаралар жатақхана тәрбиешілерімен бірге, студенттердің сабақтан бос уқытында кешкі сағат 18:00-де №2, №4 жатақханалардың оқу залында, тақырыпқа сай көрнекі құралдармен жабдықталып жоғарғы деңгейде өткізілді.
Наурыз 2016
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
29 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
7 | 8 |
9
|
10
|
11
|
12 | 13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18
|
19 | 20 |
21 | 22 | 23 |
24
|
25
|
26 | 27 |
28 |
29
|
30
|
31 | 1 | 2 | 3 |