16 ақпан күні Ахмет Ясауи университеті Ғылыми кітапхана фойесінде Медицина факультеті күніне орай «Жаңа кітаптар» көрмесі өтті.
Шара мақсаты - Медицина факультетінің кітапханаға келген жаңа кітаптарымен таныстырып ақпарат беру. Кітапханадағы заманауи технология RFID бағдарламасымен таныстыру.
Ғылыми кітапхана директоры, Абсеметова Меруерт Абсадыққызы:«Бүгінгі іс-шара жаңа кітаптармен мен ғылыми журналмен сіздерді таныстыру, ақпарат беру, факультет, кафедра және оқытушы-профессорларға хабардар ету» -деп жаңадан келген кітаптар көрмесімен таныстырды.
Медицина саласы бойынша кітапхана қорында жоқ 2000 жаңа кітап және Ресейдің 14 ғылыми журналдары келгенін айтты. Кітапхана библиографы Айгүл Қамбарова және қызметкерлері медицина саласы бойынша келген кітаптар, журналдармен таныстырды.
Сонымен қатар Ғылыми кітапханаға RFID технологиялық бағдарлама орнатылғандығы айтылды. Кітапханада осы технология көмегімен кітап қорының жоғалуы, санының азаюын алдын алады. Ол үшін оқырмандарға электондық оқырман билеттері беріледі. Оқырман тіркеуден өтіп, өзіне керекті кітаптарды таңдап алып, олардың жазбасын электрондық оқырман билетіне енгізеді. Сондай-ақ, барлық кітаптар ұрлықтан қорғау үшін штрих кодпен белгіленеді. Егер кітапты тығып немесе сумкаға салып әкетіп бара жатса, кітапхана есігінде радио белгілер арқылы сигнал естіледі.
Іс-шара соңында оқытушы-профессорлар сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.
Г.Маманова,
Фото:О.Назаров,
Ақпарат орталығы.
Наурыз 2016
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
29 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
7 | 8 |
9
|
10
|
11
|
12 | 13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18
|
19 | 20 |
21 | 22 | 23 |
24
|
25
|
26 | 27 |
28 |
29
|
30
|
31
|
1 | 2 | 3 |