«Алға Қазақстан» топтық би сайысы

17-ақпан күні Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығының үлкен залында  Тәрбие және мәдени істер департаменті, Жастар орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік күніне,  Университетіміздің 25 жылдығына, Ахмет Ясауи жылына арналған «Алға Қазақстан» факультетаралық топтық би сайысы өтті.

Мақсат – университеттегі студент жастардың бойындағы би өнеріне талпынысын, салауатты өмір салтын қалыптастыру және студенттердің дене мәдениеті мен спорттық дене бітімін шынықтыру.

Сайыста 5 топ екі кезең бойынша өнер көрсетті: еркін тақырып бойынша және Тәуелсіздік күні тақырыбына арналған ұлттық би қойылымы.

Топтық би сайысына қатысқан топтар: Медицина факультетінің «Медицина» тобы, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Бірлік», «Two Men» топтары, Өнер факультетінің «Өнер» тобы, Филология факультетінің «Шұғыла» би тобы.

Қазылар алқасы - «Орындаушылық өнер» кафедрасының магистр оқытушысы, хореограф М.Жүсіпбаев, «Орындаушылық өнер» кафедрасының оқытушысы, Продюсерлік орталықтың режиссеры А.Ибраева, балетмейстер, хореограф И.Нагимбаева.

Байқау нәтижесінде I-орынды «Бірлік» тобы (15 мың теңге),  II-орынды «Өнер» тобы (10 мың теңге), III-орынды «Медицина» тобы (5 мың теңге) иеленді. «Two Men» тобына «Көрермендер көзайымы», «Шұғыла» тобына «Шұғыла Сапарғалиқызы» номинациясы табыс етілді. 

Жалпы, барлық қатысушы топтар жақсы дайындықпен өнер көрсетті. Бидің сюжеттік желісін, композициялық құрылымын, образдық бейне беруді, т.б, элементтерді өте жоғары деңгейде көрсете алды. Байқау әділ бағаланды. «Өнер» тобының бишілері хореографтар емес, актерлік мамандық студенттерінен құралған.

Сондай-ақ, шара соңында Тәрбие және мәдени істер департаментінің директоры Л.Есентаева 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай өткізілген  «Тәуелсіздік-тұғырым» атты студенттердің  шығармашылық сайысының қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды марапаттады. Сонымен, “Болашақ энергиясы” EXPO-2017 жас суретшілер байқауының жеңімпаздары: I-орын ӨБС-211 тобының студенті Ботай Бахыт  (15мың теңге),II-орын ӨБС-211 тобының студенті Сартбаев Данияр  (10 мың теңге), III-орын ӨДЗ-111 тобының студенті Сариева Феруза  (5 мың теңге).Ынталандыру сыйлығы ӨДЗ-311 тобының студенті Муфтиәлі Фаридаға, ӨБС-411 тобының студенті Нышанбай Ақботаға, ОБС-311 тобының студенті Бабатаева Мафтунаға берілді.

Тәуелсіздігім тұғырыматты шығармалар байқауының жеңімпаздары:I-орын  «Журналистика» мамандығының 2-курс студенті Үмітбек Бағдат  (15мың теңге),  II-орын «Актерлық өнер» мамандығының 2-курс студенті  Ербақ Құрметжан  (10 мың теңге), III-орын «Қазақ филологиясы»  мамандығының 1-курс студенті Тұранова Жадыра  (5 мың теңге). Ынталандыру сыйлығы «Журналистика» мамандығының 1-курс студенті Әшірбай Баянсұлуға берілді.

Д.Мыңбаева.

Фото: О.Назаров,

Ақпарат орталығы.

 

Жаңалықтар мұрағаты

Наурыз 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
29 1 2 3 4 5 6
7 8 9
  • Әлеуметтік ғылымдар факультеті жеңімпаз
  • Нәзік жандарды қуанышқа бөледі
10
  • Хабарландыру
11
  • ОПҚ, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар назарына!
  • Самбо күресі чемпионатының жеңімпаздары
12 13
14
  • Үлкен Қаратаудың тасқа салынған суреттерін зерттеу бойынша семинар
  • «Мәңгілік ел» пойызы Түркістанда
  • Хабарландыру
  • «Medical Tokens» клубы Бәйдібек ауданында
  • Cенат мәжілісі өтті
  • Қалалық олимпиада өтті
15
  • Хабарландыру
  • Жыл басы - Наурыз
  • Ұстаздардың жасыл алаңдағы сайысы
16 17
  • Ғылыми-зерттеулерге арналған семинар
  • Биік мұраттарды аңсаған Мехмет Акиф
  • Пәндік олимпиада өтті
  • «Жүректен Жүрекке» қайырымдылық концерті
18
  • Сүйінші, сүйінші – Олимпиада жолдамасы бізде!
  • М.Балақаев оқулары - 3
  • Хабарландыру
19 20
21 22 23 24
  • Чанаккале шейтлерін еске алу кеші
25
  • «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кубогы» басталды
  • «Welcome Nauryz Day!» мерекелік кеші
  • Терапиялық стоматологияның жаңа мүмкіндіктері
  • EXPO-2017 Халықаралық мамандырылған «Болашақтың энергиясы» атты көрмесінде жаңа күн сәулесімен жүретін 2 кісілік автокөлік ұсынылады
26 27
28 29
  • Ғылыми іс-сапар жемісті жалғасуда
  • Хабарландыру
30
  • Анкарадағы мазмұнды кездесулер
31 1 2 3