Тәрбие саласы талқыға түсті

18-ақпан күні Ахмет Ясауи университеті, Сенат залында Тәрбие және мәдени істер департаментінің ұйымдастыруымен кезекті Тәрбие Кеңесі отырысы өтті.

Кеңес отырысын Ұйымдастыру және тәрбие істері жөніндегі вице-президент Б.Мұхамеджанов жүргізді.

Филология факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары М.Балаубеков «Филология факультетінде жатақханадағы студенттердің тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру туралы» есебін берді: «Жалпы №1,2,3-ші жатақханаларда 180-ге жуық студенттеріміз жатады. Жатақханада көптеген игі іс-шаралар өткізіліп тұрады»-деп, факультетте атқарылып отырған тәрбие жұмыстары туралы нақты есебін берді.

Мұнан әрі сөз алған Кентау институтының директорының тәрбие жөніндегі орынбасары

Е.Айнақожаев  «Кентау институтында түркі дүниесінен  келген студенттерге тәрбие бағыты бойынша атқарған жұмыстары туралы» баяндады. Кентау институтында білім алатын түркі дүниесінен келген студенттердің өзара бірлігі мен ынтымағына арналған шаралардың барыс төңірегінде тұшымды есебін берді.   

        Сондай-ақ, әртүрлі мәселелер бойынша  Продюсер  орталығының директоры Ә.Ботақараев «8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні» мерекесін ұйымдастыру», 22-наурыз «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесін өткізу жоспарын бекіту, «Дарын-2016» дәстүрлі фестивалін ұйымдастырудың нәтижесі туралы мәлімдеді.

Тәрбие және мәдени істер департаментінің директоры Л.Есентаева «30-сәуір күні 25 жылдық мерейтойға орай «Университет күні» мерекесін  ұйымдастыру» жұмыстарына байланысты  мерейтойлық іс-шаралар өткізілетінін баяндады.

Ал, Тәрбие және мәдени істер департаментінің маманы Н.Исаев «Университет ғимараттары мен жатақханаларында тәртіптің сақталуы  туралы мәлімет» берді.

Кеңес төрағасы Б.Мұхамеджанов университеттің 25 жылдық мерейтойына орай атқарылатын іс-шаралардың жоспарына тоқталды.

Фото: О.Назаров, Ақпарат орталығы.

 

Жаңалықтар мұрағаты

Наурыз 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
29 1 2 3 4 5 6
7 8 9
  • Әлеуметтік ғылымдар факультеті жеңімпаз
  • Нәзік жандарды қуанышқа бөледі
10
  • Хабарландыру
11
  • ОПҚ, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар назарына!
  • Самбо күресі чемпионатының жеңімпаздары
12 13
14
  • Үлкен Қаратаудың тасқа салынған суреттерін зерттеу бойынша семинар
  • «Мәңгілік ел» пойызы Түркістанда
  • Хабарландыру
  • «Medical Tokens» клубы Бәйдібек ауданында
  • Cенат мәжілісі өтті
  • Қалалық олимпиада өтті
15
  • Хабарландыру
  • Жыл басы - Наурыз
  • Ұстаздардың жасыл алаңдағы сайысы
16 17
  • Ғылыми-зерттеулерге арналған семинар
  • Биік мұраттарды аңсаған Мехмет Акиф
  • Пәндік олимпиада өтті
  • «Жүректен Жүрекке» қайырымдылық концерті
18
  • Сүйінші, сүйінші – Олимпиада жолдамасы бізде!
  • М.Балақаев оқулары - 3
  • Хабарландыру
19 20
21 22 23 24
  • Чанаккале шейтлерін еске алу кеші
25
  • «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кубогы» басталды
  • «Welcome Nauryz Day!» мерекелік кеші
  • Терапиялық стоматологияның жаңа мүмкіндіктері
  • EXPO-2017 Халықаралық мамандырылған «Болашақтың энергиясы» атты көрмесінде жаңа күн сәулесімен жүретін 2 кісілік автокөлік ұсынылады
26 27
28 29
  • Ғылыми іс-сапар жемісті жалғасуда
  • Хабарландыру
30
  • Анкарадағы мазмұнды кездесулер
31 1 2 3