19-ақпан күні, Мәдениет орталығы кіші залында Медицина факультетінің «Medikal Tokens» студенттер клубының ұйымдастырумен ХҚТУ профессоры, м.ғ.к., доцент Ажаев Совет Ажайұлымен кездесу өтті.
Жиынға Ардагерлер ұйымының төрағасы, з.ғ.д., профессор, ректор кеңесшісі Б.Накипов ,«Адам морфологиясы және физиологиясы» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к, Б.Бегалиев және студенттер қатысты.
Сұхбаттасу кешінің мақсаты – ұстаздың еңбек жолын студенттерге үлгі ету және еңбектерін дәріптеу.
Профессор Ажаев Совет Ажайұлы – 1970 жылы Ақтөбе медицина институтын “Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Сол кездегі институт ректоры, әйгілі академик Т.Ш.Шармановтың ұсынысымен «Биология» кафедрасында оқытушы ретінде қалдырылған. 1971 жылы КСРО МҒА Медициналық генетика ғылыми-зерттеу институтының (Москва) аспирантурасына түсті. Мұнда профессор әлемге әйгілі ғалымдардың, Н.В.Тимофеев-Рессовский, Л.Б.Астауров, А.А.Прокофьева-Бельговская, А.А.Малиновский, Н.П.Бочков, т.б, ұстаздардың дәрістерін тыңдап, генетика деген күрделі ғылымның сырларын бойына сіңірді. Медициналық генетика мамандығы бойынша ғылым кандидаты атағын алған (1975) тұңғыш қазақстандық жас ғалым болды.
1993 жылдан бастап ХҚТУ Медицина факультетінде кафедра доценті, меңгерушісі қызметтерін атқарды. 60-қа жуық ғылыми мақалалардың, 4 оқу-әдістемелік құралдардың, 3 оқулықтың авторы. Профессор жазған «Гистология. II-часть: Общая гистология», «Гистология. I-бөлім: Адам эмбриологиясы және цитология» және «Гистология. II-бөлім:Жалпы гистология» оқулықтары республикамыздың медициналық академияларында және университеттерінде (Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Семей) қалаларында кең қолданысқа ие болуда. «ҚР денсаулық сақтау үздігі»,»Ұлағатты ұстаз» төс белгісінің иегері.
Міне, осындай еңбегі елеулі, өз саласының мықты майталман маманы профессор С.Ажаевқа студенттер еркін кездесуде көптеген сұрақтар қойды. Профессор сұрақ қойған барлық студентке қолтаңба қойған кітабын сыйға тартатын болды.
Профессор С.Ажаев: «университетке жақсы нышан, жаңа белсенді толқын келген сияқты. Бүгінгі кештің әсерінен толқып отырдым. Бүгінгі жастар мені өте қатты қуантты. Медицинада өз-өзімізге қатал болуымызға тура келеді. Студенттерге әрдайым айтатыным, сендердің жұмыстарың күнде ойын, күнде той емес. Медициналық кәсіби қасиет бойымызда болу керек. Өздеріңді медицинаға арнадыңдар ма? Онда аянбау керек! Мейірімді болып, жанашырлықпен, жауапкершілікпен қарау керек. Біз шәкірттерімізбен мақтанамыз. Ізімізді жалғайтын мықты теоретик, белсенді жастар болса қуанамыз, қолдаймыз» деп, ұстаздық ақыл-кеңесін айтты.
Медицина факультетінің тәрбие жөніндегі декан орынбасары Ғалия Асанова профессорға Медицина факультетінің деканы, доцент М.Жүнісовтың Алғыс хатын табыстады. Түркістан сазды-драма театры директоры Е.Исатаев атынан орынбасары Н.Мейрамбекұлы Алғыс хат табыстады.
Кездесу өте қызықты өтті. «Medikal Tokens» студенттер клубы шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Профессордың студенттік кезі, жас оқытушы кезі, бар еңбек жолы экранда естелік суреттермен көрсетілді. Ұстаз осы тамаша шараны ұйымдастырған студенттерге алғысын білдірді, жұмыстарына сәттілік тіледі. Алдағы уақытта студенттерге арнап «Генетика» оқулығын жазуды армандайтын жеткізді.
Д.Мыңбаева,
Фото:О.Назаров,
Ақпарат орталығы.
Наурыз 2016
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
29 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
7 | 8 |
9
|
10
|
11
|
12 | 13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18
|
19 | 20 |
21 | 22 | 23 |
24
|
25
|
26 | 27 |
28 |
29
|
30
|
31 | 1 | 2 | 3 |