«Дарын-2016» - жеңімпаздар анықталды

Бүгін, 26-ақпан күні  Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығының үлкен залында Продюсерлік орталықтың ұйымдастыруымен  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, университетіміздің 25 жылдығына, Ахмет Ясауи жылына арналған дәстүрлі XV «Дарын - 2016» фестивалінің гала-концерті өтті.

5  күнге ұласқан байқауда 104 студент өнер додасына түсіп, 10 түрлі жанрда өнер көрсетті.

Университеттің ғылыми және инновациялық істер жөніндегі вице-президенті, профессор Т.Раимбердиев, қазылар алқасы«Дарын-2016» фестивалінің жеңімпаздарынадипломдар  табыстап, құттықтауларымен ыстық лебіздерін білдірді.

Сонымен, 5 күн бойы өз өнерлерін көрсеткен өнерпаздар арасынан оза шауып фестиваль жеңімпаздары атанғандар тізімі төмендегідей болды.  

«Эстрадалық ән орындау» сайысы бойынша1-ші орынды Өнер факультетінің «Перте» триосы, 2-ші орынды Филология факультетінің 1-курс студенті Досхан Төлегенов, 3-ші орынды Дайындық факультетінің білімгері Баянсұлу Әбілхайрқызы иеленді.

«Көркем сөз» оқу шеберлері сайысы бойынша1-ші орынды Өнер факультетінің 2-курс студенті Асылжан Батталов, 2-ші орынды Филология факультетінің 1-курс студенті Олжас Шойбеков, 3-ші орынды Дайындық факультетінің білімгері Айкен Жақып иеленді.

«Суретшілер» сайысы бойынша Өнер факультетінің студенттері өзара бөлісті. 1-ші орынды Ақбота Нышанбек, 2-ші орынды  Тәтен Бағила,3-ші орынды Мафтуна Бабатаева иеленді.

«Қол өнершілер» сайысы бойынша 1-ші орынды Сәндік өнер кафедрасының студенті Ақнұр Сапарбай, 2-ші орынды «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби» колледжінің студенті Фариза Мырза, 3-ші орынды Өнер факультетінің студенті Шахзода Райм иеленді.

«Жұптық жүргізушілер» сайысы бойынша 1-ші орынды Өнер факультетінің 2-курс студенттері Ұлдана Әшірбаева және Абылайхан Көшеков, 2-ші орынды Филология факультетінің 1 курс студенттері Алуа Тұрсынхан және Нұрбол Нышанбай, 3-ші орынды Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 1-курс студенттері Ботагөз Ұнбаева және Мақсат Даниярбек иеленді.

«Дәстүрлі ән» сайысы бойынша 1-ші орынды Өнер факультетінің 1-курс студенті  Захан Нұрмағанбет,2-ші орынды Өнер факультетінің 1-курс студенті  Ұлбосын Сенбәлі, 3-ші орынды Медицина факультетінің 1-курс студенті  Қиса Досжан, Өнер факультетінің студенті Мерасилов  Нұрсұлтан иеленді.

 «Айтыс өнері» сайысы бойынша 1-ші орынды Дайындық факультетінің білімгерлері Нұржайна Қабдікәрім, 2-ші орынды Инженерия факультетінің 2-курс студенті Табиғат Қайрат иеленді.

Жұптық би сайысы бойынша 1-ші орынды Өнер факультетінің студенттері Батырбек Салтанат және Тілеуберген Айгерім, 2-ші орынды «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби» колледжінің студенттері Жансая Есекей және Ермұрат Маратбаев, 3-ші орынды Медицина факультетінің студенттері Бекжан Урсунбетов және Торғын Оразалиева иеленді. Сондай-ақ, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері Делгербуян Батхишиг, Серен Доржу Чаянға ынталандыру сыйлығы табысталды.

«Дизайнер»сайысы бойынша 1-ші орынды Өнер факультетінің 3-курс студенті Фарида Мифтиәділ, 2-ші орынды Өнер факультетінің 3-курс студенті Динара Абишова, 3-ші орынды Медицина факультетінің 3-курс студенті Айжан Қалжан иеленді.

«Түбі бір түрік әні» сайысы бойынша 1-ші орынды Филология факультетінің 1-курс студенті Мөлдір Халилаева, 2-ші орынды Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 2-курс студенттері Жанетта Бекова және Лаура Асқар,  3-ші орынды Медицина факультетінің 1-курс студенті Енис Ертуш иеленді.

Байқауда өз өнерлерімен қалың жұртты тамсандыра білген жеңімпаздарға университет есебінен қаржылай марапат берілді. Cондай-ақ, 4 күн бойы өнерпаздардың өнерлеріне әділ төрағалық жасап, лайықты бағалаған барлық қазылар алқасына алғыс хат тапсырылды. 

 Продюсерлік орталықтың режиссері Асылзат Ибраева үлкен жұмыс, қыруар еңбек нәтижесіне қатысты пікірін білдірген болатын: «Барлық жанр бойынша 14 қазылар алқасы бағалады. Биылғы сайыстың ерекшелігі жұптық бишілер сайысында 20 студент өнер көрсетті. Былтыр 10 студент ғана қатысып еді. Сайыстың жоғары деңгейде өтуіне, киімдердің әсем болуына дизайнерлеріміз өте қатты атсалысты.  Эстрада әншілеріне екі күн байқауда екі көйлектен тікті. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді».

 

Фото: О.Назаров.

Ақпарат орталығы. 

Жаңалықтар мұрағаты

Наурыз 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
29 1 2 3 4 5 6
7 8 9
  • Әлеуметтік ғылымдар факультеті жеңімпаз
  • Нәзік жандарды қуанышқа бөледі
10
  • Хабарландыру
11
  • ОПҚ, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар назарына!
  • Самбо күресі чемпионатының жеңімпаздары
12 13
14
  • Үлкен Қаратаудың тасқа салынған суреттерін зерттеу бойынша семинар
  • «Мәңгілік ел» пойызы Түркістанда
  • Хабарландыру
  • «Medical Tokens» клубы Бәйдібек ауданында
  • Cенат мәжілісі өтті
  • Қалалық олимпиада өтті
15
  • Хабарландыру
  • Жыл басы - Наурыз
  • Ұстаздардың жасыл алаңдағы сайысы
16 17
  • Ғылыми-зерттеулерге арналған семинар
  • Биік мұраттарды аңсаған Мехмет Акиф
  • Пәндік олимпиада өтті
  • «Жүректен Жүрекке» қайырымдылық концерті
18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3