«Өмірге риза болып алғыс айт»

29-ақпан күні, Ахмет Ясауи университеті, Жаратылыстану факультетінің деканаты мен студенттік деканаттың ұйымдастыруымен Мәдениет сарайының үлкен залында 1-Наурыз «Алғыс айту» күні мерекесіне орай «Türkіуe düğünleri» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға Жаратылыстану факультетінің деканы, техн.ғ.д. Н.Т. Ажиханов, декан орынбасары Ж. Шайхидинұлы, «Математика» кафедрасының меңгерушісі техн.ғ. к., М.Д. Қошанова, оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты.

Көктемнің алғашқы күніне белгіленген бұл мереке, елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері арасында бір-біріне деген бауырмашылдықты, татулық пен бейбітшілікті нығайтуда алатын орны ерекше. Осы мақсатта, Жаратылыстану факультетінің студенттері бұл іс-шарада жастарға тәрбиелік мағынасы жоғары қойылымдар қойды. Атап айтсақ: 5В011300-Биология мамандығының студенттері «Қыз іздеу» көрінісін қойса, кейін 5В060800-Экология мамандығының студенттері «Hına gecesi», «Hayat beren anne» қойылымдарын қойды. Көрермендер заманауи қазақ, түрік әндерін тыңдап, биші студенттердің өнерлерін тамашалады.

Жаратылыстану факультетінің деканы, техн.ғ.д., профессор м.а. Н.Т. Ажиханов студенттер мен оқытушы-профессорларды осы атаулы мерекемен құттықтады. Студенттерге ыстық лебізін жеткізіп, болашақта үздік мамандық иесі болуға тілек білдірді.

Сонымен қатар, бұл мерекені атап өту Математика мамандығы студенттерінің «Өмірге риза болып алғыс айт» атты факультет ішілік тәрбие іс-шарасымен жалғасты.

 

Жаратылыстану факультетінің деканаты.

 

Жаңалықтар мұрағаты

Наурыз 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
29 1 2 3 4 5 6
7 8 9
  • Әлеуметтік ғылымдар факультеті жеңімпаз
  • Нәзік жандарды қуанышқа бөледі
10
  • Хабарландыру
11
  • ОПҚ, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар назарына!
  • Самбо күресі чемпионатының жеңімпаздары
12 13
14
  • Үлкен Қаратаудың тасқа салынған суреттерін зерттеу бойынша семинар
  • «Мәңгілік ел» пойызы Түркістанда
  • Хабарландыру
  • «Medical Tokens» клубы Бәйдібек ауданында
  • Cенат мәжілісі өтті
  • Қалалық олимпиада өтті
15
  • Хабарландыру
  • Жыл басы - Наурыз
  • Ұстаздардың жасыл алаңдағы сайысы
16 17
  • Ғылыми-зерттеулерге арналған семинар
  • Биік мұраттарды аңсаған Мехмет Акиф
  • Пәндік олимпиада өтті
  • «Жүректен Жүрекке» қайырымдылық концерті
18
  • Сүйінші, сүйінші – Олимпиада жолдамасы бізде!
  • М.Балақаев оқулары - 3
  • Хабарландыру
19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3