Жуырда Ахмет Ясауи университеті, «Өнер» факультетінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту» мерекесіне орай«Алғыс айту мерекесін дәріптейік!» аттытәрбиелік іс-шара өтті.
Факультет деканы, п.ғ.к., доцент Б.З.Абусейтов алғысөзінде Елбасымыздың 2016 жылдың 14 қаңтар күнгі №173 жарлығына сәйкес 1-наурыз - «Алғыс айту» мерекесінің мағынасын түсіндірді. Тәуелсіз Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын, елімізде тұратын осындай көптеген ұлттар мен ұлыстардың қазақ халқының дархандығы үшін, қиын-кыстау кездерде қол ұшын созған кең пейілдігі үшін алғыс айтатындығын жеткізді.
Қазақстан елі көп ұлттардың құтты мекеніне, әлем мойындаған татулық пен тыныштықтың ордасына айналып отырғандығы баршамызға мақтаныш! Елбасымыздың тікелей ұсынысымен біздің университетіміздің көпұлтты түркі дүниесі халықтарының ортақ халықаралық білім ордасына айналуы да жүректерімізге жылылық ұялатады!
Осы ынтымақтастықтың белгісі ретінде ұлттардың бір-біріне және қазақ халқына алғыс айтып, Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдерінің ынтымағы жарасқан, өзіміз және өзгелер де ұмытуға болмайтын ерекше тарихы бар мерекеге айналатындығы осы іс-шарада айқын көрініс тапты.
Өнер факультетінің деканаты
Наурыз 2016
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
29 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
7 | 8 |
9
|
10
|
11
|
12 | 13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18
|
19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 | 1 | 2 | 3 |