1 наурыз күні Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығының үлкен залында Тәрбие және мәдени істер дапартаменті және Продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен«1-наурыз Алғыс айту» күніне орай мерекелік кеш өтті.
Елбасы, Қазақстан Ассамблеясының құрылған күні 1-наурызды «Алғыс айту» күні деп жариялау туралы №173 жарлыққа 2016 жылдың 14-қаңтарында қол қойды. Қазақстандықтардың бір-біріне мейірбандық танытып, бірлік, татулық танытып құрметтеу осы күннен бастау алмақ.
Мерекелік кеште университеттің дарынды, талантты жастары ән-шашуымен рахметін білдірді. Концерттік бағдарламада XVДарын 2016 гала фестивалінің 1, 2, 3, орын иегерлері өнер көрсетті. Патриоттық әндер, лезгинка, қазақша билер, көркем сөз оқу шеберлерінің мәнерлеп оқыған монологтары, мың бұралған бишілер көрерменді баурап алды. Сонымен қатар, қылқалам шеберлерінің Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай салған өнер туындылары да тамашаланды.
Г.Маманова,
Фото:О.Назаров,
Ақпарат орталығы.
Наурыз 2016
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
29 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
7 | 8 |
9
|
10
|
11
|
12 | 13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18
|
19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 | 1 | 2 | 3 |