1-наурыз күні Кентау институтының ашық алаңында «Алғыс айту» күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараны Кентау институтының директоры, профессор К.Беркімбаев құттықтау сөзімен бастады. Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы – деп, ұлттар достығы туралы тебірене сөйледі. Сондай-ақ, Дайындық факультетінің деканы, доктор Мұстафа Жамбоз және Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Қ.Бекметов құттықтау сөздерін айтты. Қазақ жерінде бірінші рет аталып өтіп жатқан бұл мерекенің қысқаша тарихын баяндады: «Қатаң саясаттың құрбаны болған ұлттар Қазақстанға жер аударылып, екінші отанын тапты. Сол кездегі қазақтар өздері мұқтаж бола отырғанына қарамастан қуғынға ұшыраған, азып-тозып кеткен жанұяларға аяушылықпен қарап, оларды қабылдап, қамқорлығына алып, барымен бөлісіп өмір сүрді» - деп, жастарға мол мәлімет берді.
Институтта оқитын білімгерлер флешмоб билеп, ән айтты. Көтеріңкі көңілмен откен мереке соңында әр ұлт өкілдері би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Көктемнің алғашқы күніне сай келген бұл мереке адамды ерекше жылы сезімге бөлеп, туыстық сезімнің нығайюына ықпал етеді.
Ақпарат орталығы
Наурыз 2016
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
29 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
7 | 8 |
9
|
10
|
11
|
12 | 13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18
|
19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 | 1 | 2 | 3 |