«Тұран» бастауыш партия ұйымының жиыны

2-наурыз күні Ахмет Ясауи университеті ұжымы, студенттері №3 оқу ғимаратының алаңында Түркістан қалалық сайлауалды штаб мүшелерімен кездесті.

Университет президенті, профессор У.Әбдібеков алғы сөзінде: «Құрметті қалалық сайлауалды штаб мүшелері! Қымбатты жастар! Қазақстандықтардың бірлігін бекемдеу мəселесінің күн тəртібінен түспей тұрғаны біз үшін өте маңызды. Елімізде көшбастап келе жатқан «Нұр Отан» партиясы  ұлттың рухани құндылықтарды сақтауға айрықша назар аударып келеді.Елбасы да, «Нұр Отан» партиясы да халықты алаңдатқан сауалдарды жақсы біледі. Жəне оны шешу үшін дұрыс бағыт айқындап отыр. Тұрақтылық бар жерде жасампаздық бар, ал халық бірлігі болмаса мұның бірі де болмайды. Оқу ордамыздың бой түзеуіне, рухани астанамыз Түркістан шахарын ғылым мен білім ордасына айналуына Қазақстан Президенті, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі бар.  Оны осында жиналған дүйім көпшілік жақсы біледі және құрмет тұтады. Біздің ортақ мүддеміз – тұрақты, біртұтас және өсіп-өркендеген Қазақстан!Барлығыңызды сайлау учаскесінде күтеміз» - деді. “Нұр Отан” партиясы Түркістан қалалық штабының жетекшісі Ж.Ибрагимов,   Түркістан қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы  Ж.Әзіретбергенов, «Әлеуметтік ғылымдар» факультетінің 1-курс студенті Б.Унбаева, «Өнер» факультетінің 2-курс студенті А.Ілескен сөз сөйлеп, “Нұр Отанның” бағдарламасын кеңінен таратып айтып берді.

Аккредитация, рейтинг және сапа басқармасының басшысы, Нұр Отан партиясы, Түркістан қалалық филиалының «Тұран» бастауыш партия ұйым төрағасы Ж.Дәрібаевөз баяндамасында: «Құрметті университет ұжымы!  Құрметті жастар!

Халықтық партия ретінде «Нұр Отан» партиясының рөлі барған сайын артып келеді. «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптастырған даналығы да жарқын көрініс тапқан. Партияның жаңа сайлауалды бағдарламасының басым бөлігі экономикалық дамуға негізделген. Сол сияқты - жастар саясаты, әлеуметтік мәселелер, азаматтардың білім алуы мен  жұмысқа орналасуы сияқты  халықтық мәселелер бағдарламада мол көрініс тапқан.

Құрметті университет ұжымы! Партияның қазіргі негізгі міндеті Ұлт Жоспарын тиімді орындау, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.  Сонымен қатар, бұл кезеңді, біз, азаматтарымызды топтастыруға, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті одан әрі нығайтуға қолдануымыз қажет» - деп, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Фото: О:Назаров,

Ақпарат орталығы.

Жаңалықтар мұрағаты

Наурыз 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
29 1 2 3 4 5 6
7 8 9
  • Әлеуметтік ғылымдар факультеті жеңімпаз
  • Нәзік жандарды қуанышқа бөледі
10
  • Хабарландыру
11
  • ОПҚ, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар назарына!
  • Самбо күресі чемпионатының жеңімпаздары
12 13
14
  • Үлкен Қаратаудың тасқа салынған суреттерін зерттеу бойынша семинар
  • «Мәңгілік ел» пойызы Түркістанда
  • Хабарландыру
  • «Medical Tokens» клубы Бәйдібек ауданында
  • Cенат мәжілісі өтті
  • Қалалық олимпиада өтті
15
  • Хабарландыру
  • Жыл басы - Наурыз
  • Ұстаздардың жасыл алаңдағы сайысы
16 17
  • Ғылыми-зерттеулерге арналған семинар
  • Биік мұраттарды аңсаған Мехмет Акиф
  • Пәндік олимпиада өтті
  • «Жүректен Жүрекке» қайырымдылық концерті
18
  • Сүйінші, сүйінші – Олимпиада жолдамасы бізде!
  • М.Балақаев оқулары - 3
  • Хабарландыру
19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3