1-наурыз күні, Ахмет Ясауи университеті, Гуманитарлық ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне арналған «Халық бірлігі - Мәңгілік ел кепілі» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
Іс-шараны факультеттің тәрбие кеңесінің мүшесі Дүйсенова Жамила ашып, жиын маңызын түсіндірді.
Шарада шын ниетпен алғыстар, тілектер айтылды. Факультеттегі өзге ұлт студенттері, орыс, қырғыз, араб, түрік ұлттары өз тілдерінде қазақ халқына, елбасымызға, елімізге деген алғыс, ризашылықтарын білдірді.
Мерекелік іс-шара факультет өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты. Сондай-ақ, студенттер әйелдер қауымын келе жатқан 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, гүл шоқтарын ұсынды.
Шара соңында топ аралық «Қожа Ахмет Ясауидің 850 жылдығына» орай «Ясауи дүниетанымының маңыздылығы» атты тақырыпта өткен қабырға газеті байқауының қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталды.
Факультет деканы, т.ғ.к., Е.Төлегенов І-орын иегері ППМ-511ф тобы, ІІ- орын иегері ППП-511 тобы, ІІІ-орын иегері ППМ-411ф топтарын марапаттады.
Ақпарат орталығы.
Наурыз 2016
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
29 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
7 | 8 |
9
|
10
|
11
|
12 | 13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18
|
19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 | 1 | 2 | 3 |