ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК ОҚУЛАРЫ - 2016

3-наурыз күні Ахмет Ясауи университеті, Ғылыми кітапхана конференц-залында Гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих» кафедрасының ұйымдастыруымендәстүрлі «Өзбекәлі Жәнібек оқулары-2016» атты VIІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына, көрнекті қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына және университетіміздің 25 жылдығына арналды.

Ашылу салтанатында Ғылым және инновациялық  істер жөніндегі вице-президент, профессор Т.Раимбердиев қатысушыларға сәттілік тіледі: «Құрметті қонақтар! Қымбатты жастар! Ұлттық мұра жанашыры, ұлтжанды дара тұлға Өзбекәлі Жәнібек рухына тағзым жасау мақсатындағы конференцияға қош келдіңіздер! Конференция материалдары жинағын қарап шықтым. Мұрағаттың тереңінен қазып жазылған керемет дүниелерге тұнып тұр. Ұйымдастырушыларға, тарихшыларға алғысымды білдіремін, еңбектеріңіздің жемісін көрулеріңізді тілеймін. Тарихты әлемге таныту жастардың қолында. Тарих төрінен көрінетін жастарымыз көп болсын».

Конференция модераторы – тарих ғылымдарының докторы Тұрсын Хазіретәлі.

Конференция жұмысы «Әлихан Бөкейханов – Алаш қозғалысының көшбасшысы», «Тарих», «Филология», «Экономика», «Педагогика», «Өнер және спорт» секциялары бойынша ұйымдастырылды.  

Қазақ мәдениетін зерттеуші Өзбекәлі Жәнібектің қарындасы, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Этнопедагогикалық колледж» директоры Айғаным Серім конференцияны ұйымдастырғаны үшін университет, факультет ұжымына алғысын білдірді.  Сондай-ақ, арнайы шақырылған Түркістан қаласының құрметті азаматы, сол кездегі Түркістан қалалық атқару комитетінің бастығы Ө.Жәнібектің орынбасары қызметін атқарған (1982-1997 жылдары) Гүлжан Әсілбаева қызметтес кездегі естеліктерін, ұлы кісінің қасиеттерін айтты. 

Конференцияға республикалық ЖОО-дан профессор-оқытушылар, магистрант, докторанттар қатысты. Қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, ғылыми мақалалардың жинағы таратылды.

Қонақтар ХҚТУ «Ғылыми кітапхана» ұжымы ұйымдастырған кітап, журнал, баспасөз материалдарынан топтастырылған «Алаш зиялысы Ә.Бөкейханов  - 150 жаста», «Тәуелсіздік – еркіндігім, елдігім» атты кітап көрмесімен танысты.

Д.Мыңбаева,

фото: О.Назаров,

 Ақпарат орталығы.

 

Жаңалықтар мұрағаты

Наурыз 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
29 1 2 3 4 5 6
7 8 9
  • Әлеуметтік ғылымдар факультеті жеңімпаз
  • Нәзік жандарды қуанышқа бөледі
10
  • Хабарландыру
11
  • ОПҚ, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар назарына!
  • Самбо күресі чемпионатының жеңімпаздары
12 13
14
  • Үлкен Қаратаудың тасқа салынған суреттерін зерттеу бойынша семинар
  • «Мәңгілік ел» пойызы Түркістанда
  • Хабарландыру
  • «Medical Tokens» клубы Бәйдібек ауданында
  • Cенат мәжілісі өтті
  • Қалалық олимпиада өтті
15
  • Хабарландыру
  • Жыл басы - Наурыз
  • Ұстаздардың жасыл алаңдағы сайысы
16 17
  • Ғылыми-зерттеулерге арналған семинар
  • Биік мұраттарды аңсаған Мехмет Акиф
  • Пәндік олимпиада өтті
  • «Жүректен Жүрекке» қайырымдылық концерті
18
  • Сүйінші, сүйінші – Олимпиада жолдамасы бізде!
  • М.Балақаев оқулары - 3
  • Хабарландыру
19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3