Аналар ардақталған кеш

4-наурыз күні Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығының үлкен залында Тәрбие және мәдени істер департаменті, Продюсерлік орталықтың ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

Университеті президенті, профессор У.Әбдібеков, І-вице-президент, профессор М.Куталмыш мерекемен құттықтап, ыстық тілектерін арнады. Басшылар оқу орынның үздік қызмет атқарып жүрген бірқатар әйелдер қауымын марапаттап, Алғыс хат табыстады. 

Жүргізушілер университет президентінің №1/183 мерекеге орай бұйрығын хабарлап, мерекелік кеш қонақтарына қуанышты хабар жеткізді. Бұйрық бойынша оқу ордамыздың Түркістан орталығы, Кентау институты, Шымкент медицина институтының барлық штаттағы әйел қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мақсатында қаржылай марапатталатыны айтылды.

Марапаттау рәсімі университет өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға жалғасты. Концерт желісі әдемі әзілмен өрнектелді. Жаратылыстану факультетінің қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүретін белсенді оқытушысы Нұрлан Толбаев жүргізуші студенттерге жарасымды жұп болды. 

Ана туралы бейне-ролик, «Мереке күніңмен» әні, әзірбайжандық студенттердің «Жігіттер» биі, күй жарысы, «Per te» триосының «Isabel» әні, заманауи би, Санжар Каюмов орындаған Бетховеннің «К Элизе» музыкалық шығармасы,  Хами Өзтүріктің орындаған «Acılara tutunmak» түрік әні, барлық өнерпаздардың аналар туралы әндерден попурри орындауы, «Наз» сән театрының дефилесі көрермен көңілінен шықты. Оқу орынның барлық қыз-келіншектері үлкен қуанышпен тарасты.

Д.Мыңбаева,

фото О.Назаров,

Ақпарат орталығы.

Жаңалықтар мұрағаты

Наурыз 2016
Дү Се Сә Бе Жұ Се Же
29 1 2 3 4 5 6
7 8 9
  • Әлеуметтік ғылымдар факультеті жеңімпаз
  • Нәзік жандарды қуанышқа бөледі
10
  • Хабарландыру
11
  • ОПҚ, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар назарына!
  • Самбо күресі чемпионатының жеңімпаздары
12 13
14
  • Үлкен Қаратаудың тасқа салынған суреттерін зерттеу бойынша семинар
  • «Мәңгілік ел» пойызы Түркістанда
  • Хабарландыру
  • «Medical Tokens» клубы Бәйдібек ауданында
  • Cенат мәжілісі өтті
  • Қалалық олимпиада өтті
15
  • Хабарландыру
  • Жыл басы - Наурыз
  • Ұстаздардың жасыл алаңдағы сайысы
16 17
  • Ғылыми-зерттеулерге арналған семинар
  • Биік мұраттарды аңсаған Мехмет Акиф
  • Пәндік олимпиада өтті
  • «Жүректен Жүрекке» қайырымдылық концерті
18
  • Сүйінші, сүйінші – Олимпиада жолдамасы бізде!
  • М.Балақаев оқулары - 3
  • Хабарландыру
19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3