5-наурыз күні Ахмет Ясауи университеті, Ғылым және инновация департаментінің ұйымдастыруымен Ғылыми кітапхана конференц-залында Академиялық ұтқырлық бағдараламасы бойынша келген Түркияның Гази университеті, «Әлеуметтік ғылымдар» факультетінің доценттері Метехан Толон және Мехмет Баш ғылыми семинар өткізді. Семинарға жас мамандар мен студенттер қатысты.
Семинарда Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі вице-президент, профессор Т.Раимбердиев келген қонақтарға алғысын білдіріп, жас мамандар үшін біліктілігін жетілдіруге жол ашатынын айта кетті.
Метехан Толон және Мехмет Башдиплом жұмысын жазу барысында тақырыпты қалай таңдау қажет, зерттеудің әдістері, жазылу тәсілдерін талдап айтты. Әрбір маман өздеріне қатысты ғылыми журналдардан қажетті мәліметтерді қолдану, ғылыми мақала жариялайтын жаңа ақпарат көздерін қадағалап отыру арқылы құнды дүние ортаға шығатыны жайында және мақала және ғылыми диссертацияларды жазудың қыр-сырын түсіндірді. Семинар соңында сұрақтар қойылып, мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Фото: О.Назаров,
Ақпарат орталығы.
Наурыз 2016
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
29 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
7 | 8 |
9
|
10
|
11
|
12 | 13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18
|
19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 | 1 | 2 | 3 |