Жылы шырайлы көктемнің алғашқы күндерінде барша адамзаттың көңілін жадырата келетін 8-Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!
Халықаралық университетіміздің іргесінің бекемделіп, еліміздің алдында абырой-беделінің асқақтай түсуіне асыл аналарымыз-апайларымыздың, ардақты қарындастарымыздың, апа-әпкелеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат.
Отбасы жылуы, шуағы, тірегі - Аналарымыз. Сіздер бала тәрбиесі мен қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтауда да маңызды рөлге иесіздер. Сіздерге тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне белсене араласып, демеу болып жүргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Мереке құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының амандығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін! Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі бола бергей.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекет өміріндегі саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Елімізде әйел ананың әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» деп Елбасымыз айтқандай, әйел-аналардың қадір-қасиетін құрметтеп отыру төл парызымыз.
Қымбатты ханымдар!
Сіздерге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің алғашқы күнімен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын.
Сіздерге және отбасыларыңызға шаттық, ырыс-құт, береке, дендеріңізге саулық тілеймін! Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен; У.С.Әбдібеков,
университет президенті,
профессор.
Наурыз 2016
|
Дү | Се | Сә | Бе | Жұ | Се | Же |
29 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
7 | 8 |
9
|
10
|
11
|
12 | 13 |
14
|
15
|
16 |
17
|
18
|
19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 | 1 | 2 | 3 |