Терминдер сөздіктерін дайындау және аударма орталығы

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дегі “Терминдер сөздіктерін дайындау және аударма орталығы” 1995 жылы мамыр айының 15 жұлдызында университетіміздің Шымкент бөлімшесінде “Түрік Дүниесі ортақ терминдер сөздіктерін дайындау комиссиясы” ретінде құрылған.

Комиссия төрағасы ретінде марқұм акад. Қалдыбай Бектаев тағайындалып, арада 45 күн өткеннен кейін аталмыш комиссия төрағасының қайтыс болуына байланысты комиссияның жұмыстарын бас хатшы Неждет Албай жүргізді.
“Түрік Дүниесі ортақ терминдер сөздіктерін дайындау комиссиясы”университет ректоратының шешімімен Шымкент қаласынан Түркістанға көшірілді, Өкілетті кеңес жиналысында комиссияның аты “Аударма Орталығы” болып өзгертіліп, аталмыш орталық өз жұмысын 1996 жылы желтоқсан айының бірінші жұлдызынан бастап Түркістан қаласында жалғастырды.
1999-2000 оқу жылынан бастап 15.09.1999 жылғы 7-сенаттың шешімі бойынша орталық “Терминдер сөздіктерін дайындау және аударма орталығы” деп аталды.
 
Мекен-жайы:
ҚР. Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи ат.ХҚТУ
Ректораты, 4-қабат, 405-бөлме.
Терминдер сөздіктерін дайындау
және аударма орталығы
Орталық тел.: 8(72533) 6 36 36 
                    Ішкі нөмірі 1045  
                    E-mail:   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
 
Терминдер сөздіктерін дайындау және аударма орталығының
негізгі қызметтік міндеттері:
 
Жалпы сипаты: Қ.Р. Білім және ғылым министрлігі, Т.Р. Ұлттық білім беру министрлігі, Т.Р. Жоғары білім беру кеңесі, Университеттің Өкілетті Кеңес басқармасы,  Қ.Р. Сыртқы істер министрлігі (шетелдік ОПҚ мен студенттердің виза жұмыстары бойынша), Түркістан қаласы ІІБ басқармасы, Кедендік бақылау, инвестициялық бюджет бойынша  жаңа құрылыс алаңдары құжаттары және т.б. мемлекеттік органдар мен мекемелер арасындағы корреспонденция, университеттің жалпы жұмысын жүзеге асыру барысында келетін ресми хаттардың, мәліметтердің (электронды пошта немесе факс арқылы); студенттердің анықтамалары, транскрипт көшірмелерін қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдеріне жазбаша аудармасын жасау; университетте ұйымдастырылатын ғылыми іс-шараларда (конференция, семинар, симпозиум т.б.) ілеспе (синхронды) аударма қамтамасыз ету.         
-          Ќ.А.Ясауи атындаѓы Халыќаралыќ қазаќ-т‰рік университетініњ Президенті мен вице-президенттерінен жєне университетке ќарасты ќ±рылымдыќ бµлімшелерден келген єрт‰рлі ќ±жаттарды тєржімалау;
-          Мәтіндердің тұпнұсқаѓа, көшірмелерге немесе қол жазбаларѓа сай емлелік және мағыналық тұрғыдан дұрыс аударылуын, сондай-аќ, аудармаѓа ќатысты мєліметтердіњ жария етілмеуін қамтамасыз ету;
-          Университетте әкімшілік басқару іс-шараларына қатысты кездесулерде, ғылыми-теориялық конференцияларда ілеспе аударма жасау;
-          Ѓылыми-техникалық ќ±жаттардыњ, газет-журнал материалдарыныњ жєне бұйрық, өкім, қаулы, келісімшарт, регламент, ереже т.б. құжаттардың аударылу ерекшеліктерін ескеру;
-          Орталықтың негізгі жұмыс тілдері: қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдері болып табылады. 
 
Терминдер сөздіктерін дайындау және аударма орталығының қызметкерлері 
 
16 қазан 2003 жылы университет Президентінің бұйрығымен “Терминдер сөздіктерін дайындау және аударма орталығының” бастығы болып  Р.Ж.Ашимов тағайындалды. Орталық қызметкерлері туралы мәлімет:

Р/с

Штат аты

Негізгі аударма бағыты

Аты-жөні

1.     

Ауд.орт.бастығы

Қазақша-түрікше

Түрікше-қазақша

Орысша-түрікше

Түрікше-орысша

ф.ғ.к., доц.м.а.

Р.Ж. Ашимов

+77057531530

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

2.     

Аудармашы

Қазақша-түрікше

Түрікше-қазақша

Орысша-түрікше

М.Жаңабаев

+77057531599

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

3.     

Аудармашы

Қазақша-орысша

Түрікше-орысша

А.Айтметов

+77016645208

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

4.     

Аудармашы

Қазақша-түрікше

Түрікше-қазақша

Т.Сапарбаев

+77710612737

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

5.     

Аудармашы

Түрікше-қазақша

Орысша-қазақша

Н.Иманқұлова

+77057531558

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

6.     

Аудармашы

Ағылшынша-орысша

С.Омарова

+77057531528

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

7.     

Аудармашы

Ағылшынша-қазақша

Түрікше-қазақша

А.Бескемпирова

+77016503680

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Атқарылған жұмыстар.
 
Терминдер сөздіктерін дайындау және аударма орталығы 11 тілде (түрік, қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, түрікмен, қарақалпақ, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт және татар тілдерінде) төменде көрсетілген ортақ терминдер сөздіктерін дайындады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – бірін-бірі түсінісу қиындығы туындап отырған Түрік дүниесін ортақ терминдер бірлігі аумағында бірлестіріп, тілдерімізді бір-біріне жақындастыруболатын.
а) Экономика терминдер сөздігі
ә) Саясат терминдер сөздігі
б) Заң терминдер сөздігі
в) Социология терминдер сөздігі
 
Сондай-ақ, аударма орталығы төменде көрсетілген терминдер сөздіктерін дайындап, оқытушы-профессорларға, студенттерге ұсынды:
 
1.   Экономика терминдері сөздігі (түрік, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дайындалған бұл сөздік 4006 терминнен тұрады).
2.   Заң терминдері сөздігі (түрік, қазақ, орыс тілдерінде дайындалған бұл сөздік 1649 терминнен тұрады).
3.   Саясат терминдері сөздігі (түрік, қазақ, орыс тілдерінде дайындалған бұл сөздік 1671 терминнен тұрады).
4.   Әдебиет терминдері сөздігі (түрік, қазақ, орыс тілдерінде дайындалған бұл сөздік 951 терминнен тұрады).
5.   Грамматикалық терминдер сөздігі (түрік, қазақ, орыс тілдерінде дайындалған бұл сөздік 1173 терминнен тұрады).
6.   Медицина терминдері сөздігі (түрік, қазақ, орыс тілдерінде дайындалған бұл сөздік 1350 терминнен тұрады).
7.   Өнер терминдері сөздігі (түрік, қазақ, орыс тілдерінде дайындалған бұл сөздік 1346 терминнен тұрады).
8.   Социология терминдері сөздігі (түрік, қазақ, орыс тілдерінде дайындалған бұл сөздік 530 терминнен тұрады).
9.    Тарих терминдері сөздігі (түрік, қазақ, орыс тілдерінде дайындалған бұл сөздік 1527 терминнен тұрады).
10.  Құрылыс терминдері сөздігі (түрік, қазақ, орыс тілдерінде дайындалған бұл сөздік 2753 терминнен тұрады).
11.  Дін терминдері сөздігі (түрік, қазақ, орыс тілдерінде дайындалған бұл сөздік 1000 терминнен тұрады).
12.  Компьютер терминдері сөздігі (түрік, қазақ, орыс, ағылшын  тілдерінде дайындалған бұл сөздік 1019 терминнен тұрады).
13.  Қысқаша сөздік-1 (түрік, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дайындалған бұл сөздік 1000 терминнен тұрады).
14.  Қысқаша сөздік-2 (түрік, қазақ, орыс, тілдерінде дайындалған бұл сөздік 2500 терминнен тұрады).
15.  Қазақша-Түрікше сөздік (қазақ және түрік тілдерінде дайындалған бұл сөздік 18000 сөзден тұрады)
16.  Қазақ тілін үйренейік (200 беттен тұратын бұл оқулық шет елдерден келген студенттерге қазақ тілін үйрету мақсатында дайындалған).
 
Аударма орталығы тарапынан жоғарыда көрсетілген жұмыстарға қосымша Түркиядан келген оқытушылардың факультеттер мен кафедраларда түрік тілінде жүргізген 100 астам тақырып және алаңдарға қатысты сабақ мәтіндері қазақ және орыс тілдеріне аударылды.