Әлеуметтік-тәрбие департаменті

 

Есентаева Ләззат Кенішбекқызы

Департамент директоры

 

Адрес: Түркістан, ОҚО, Б.Саттарханов данғылы, 29
Ректорат - кабинет №602

Телефон: +7 (72533) 6-36-36 (ішкі 1974)

Факс: +7 (72533) 6-36-29    

E-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

Университеттегі тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың маңызды міндеттерін Әлеуметтік-тәрбие департаменті мен Жастар ұйымы мен студенттер бөлімі атқарады.

Жоғарғы оқу орнында студенттерді тәрбиелеу оқу және тәрбие жұмыстарының бірлігі негізінде жүзеге асады. Білім беру ортасын әлеуметтік-мәдени орта ретінде қарастыра отырып, тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарда, өмірлік мақсаттарда, мәдени ұстанымдарда өзін­-өзі тануы негізінде білім беру мен тәрбие үрдісін құру керек.

Университет білім алудың барлық кезеңдерінде және тұлға ретінде қалыптасу барысында студентке қолдау көрсетеді. Әлеуметтік–тәрбие департаменті көптеген мәселелермен айналысады. Жыл сайын әлеуметтік-тәрбие департаменті тәрбие және студенттермен әлеуметтік жұмыс ұйымдастыру қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды. Оқу жылына жалпы университеттік жұмыс жоспары құрылады. Жоспар студенттердің тәрбие жұмыстарын және жатақханалардың қызметін үйлестіреді. Департамент барлық жоспарлардың жүзеге асырылуын қадағалайды.

Департаменттің негізгі міндеттері:

·  студенттің тұлға ретінде қалыптасуы мен шығармашылығын дамытуға бағытталған әлеуметтік-мәдени орта қалыптастыру;

·  студенттердің азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, жаңа заман жағдайында адами және мәдени құндылықтарды сақтау және көбейту, университет дәстүрін жаңғырту және сақтау;

·  тұлғаның зияткерлік, мәдени және рухани даму қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Департамент құрылымдық бөлімшелермен, жастар ұйымымен және университеттегі студенттердің өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, қойылған міндеттерді мынандай бағыттар бойынша жүзеге асырады:

·  университетте студенттермен тәрбие жұмысын және оқудан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты құжаттарды әзірлеу сонымен қатар студенттердің жатақханадағы бос уақытын ұйымдастыру;

·  студенттердің тәрбие жұмысына және оқудан тыс уақытына қатысты кешенді бағдарлама жасау, оны жүзеге асыру;

·  негізгі қызметтік бағыттар бойынша студенттермен жұмыс істейтін оқу құрылымдары жетекшілерінің орынбасарларына әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету;

·  факультеттерде, жатақханаларда атқарылатын шаралармен қатар оқу топтарында кураторлар ұйымдастыратын тәрбие жұмыстары мен сабақтан тыс жұмыстарды бақылау;

·  өзін-өзі басқару жүйесіндегі студенттер кеңесін ұйымдастыру және оған жетекшілік ету;

·  студенттермен тәрбие жұмысын және сабақтан тыс жұмыс жүргізу аясында жалпы университеттік жоспарлы шаралар өткізу;

·  студенттердің құқығын қорғау және оны қадағалау;

·  студенттер ортасының әлеуметтік-психологиялық ахуалын жақсартуды жүзеге асыру;

·  әлеуметтік жағынан аз қамтылған және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған студенттерге материалдық көмек көрсетуықпал жасау;

·  түркі тілдес мемлекеттерден келген студенттердің бауырластықтарын күшейту шараларына қадағалау;

·  білім алушыларға салауатты өмір салтын енгізу бойынша дене тәрбие процесін, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмыстарды дамытуды үйлестіруге;

·  студенттерді университетте атқарылатын және ағымдағы іс-шаралар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

·  әр түрлі студенттік клубтардың жұмысын ұйымдастыруға көмектесу. Жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау және студенттік клубтардың жұмыстарын қадағалау;

·  студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлыққа, ішімдікке, шылымқұмарлыққа қарсы іс-шаралар өткізу;

·  студенттерге психологиялық қолдау көрсету және әлеуметтік‑психологиялық мәселелерін сараптау;

·  басқа қызметтерді жүзеге асыру, алға қойылған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету.

 

Департамент қызметкерлері:

 

Темірбаев Бек Алмасбекович
Маман
 
Адрес: Түркістан, ОҚО, Б.Саттарханов данғылы, 29
Ректорат - кабинет №602
Телефон: +7 (72533) 6-36-36 (ішкі 1974)
Факс: +7 (72533) 6-36-29    
E-mail:   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Исаев Нурбек Кудиратуллавич
Маман
 
Адрес: Түркістан, ОҚО, Б.Саттарханов данғылы, 29
Ректорат - кабинет №602
Телефон: +7 (72533) 6-36-36 (ішкі 1974)
Факс: +7 (72533) 6-36-29    
E-mail:   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Бекаев Алмат Ермаханович
Маман
 
Адрес: Түркістан, ОҚО, Б.Саттарханов данғылы, 29
Ректорат - кабинет №602
Телефон: +7 (72533) 6-36-36 (ішкі 1974)
Факс: +7 (72533) 6-36-29    
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.