Баспа редакциясы

abildaevaБаспа редакциясының аға редакторы

ӘБІЛДАЕВА ГҮЛЖАН ЕЛІБАЙҚЫЗЫ

1960 жылы 27 қыркүйекте қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округіне қарасты Темірлан ауылында туылған. 1977 жылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті ойдағыдай бітірді. Келесі жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ға оқуға түсті. Журналист мамандығын алып, аудандық «Коммунизм таңы» (кейін «Ордабасы оттары») газетінде корректор, радио хабарларын ұйымдастырушы, тілші, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Түркістан қалалық «Коммунистік еңбек» (кейін «Түркістан») газетінде тілші, тәуелсіз «Замана» газетінде хаттар бөлімінің редакторы қызметтерінде істеді.

1994 жылдан бері Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де редакциялық-баспа бөлімінің редакторы, «Ясауи университеті» газетінің бас редакторы, ғылыми журналдар («Хабаршы») редакциясының аға редакторы, қазір Баспа редакциясының аға редакторы қызметін абыроймен атқарып келеді.

Жалпы мәлімет

Университеттің ашылғанына бір-екі жыл өтіп, аяғынан тік тұра бастаған тұста оқытушы-профессорлардың ғылыми еңбектерін, ғылыми-теориялық конференциялардың жинақтарын жарыққа шығару қажеттілігі де арта түсті. Студенттерге керекті оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарын өз университетімізден шығарып, тарату мәселесі де күн тәртібіне қойылды. Осы мақсатта 1993 жылы редакциялық-баспа бөлімі ашылып, оның бастығы белгілі журналист, ақын Мұратбек Дүйсембеков болды.

Осы бөлімнің қабырғасында 1995 жылы студенттердің өз газеті – “Ясауи университеті” өз оқырмандарына жол тартты. Оның бас редакторлығын журналист Мырзантай Жақып атқарды.

1996 жылы «А.Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы» ғылыми журналы алғашқы санын шығарды. Оған техника ғылымдарының докторы, профессор Аманкүл Ақбасова басшылық жасады, сондай-ақ журналистер Әскер Искаков, Мырзантай Жақып, Гүлжан Әбілдаева үлес қосты.

«Түркология» ғылыми журналының алғашқы нөмірлері де осы бөлімнің қызметкерлері күшіменен жарық көрді.

2003 жылы қарашада университетте жаңа баспахананың құрал-жабдықтары іске қосылып, бөлім баспа редакциясы болып қайта құрылды. Қуатты баспахананың жұмысын жақсарту үшін құрылған бұл бөлімде қазір 6 қызметкер қызмет етеді. Олар: редакцияның аға редакторы Гүлжан Әбілдаева, редакторы Айгүл Садықова, техникалық редакторы Жанар Ахметова, көркемдеуші редактор Мадина Байғұт, корректор Жансұлу Сәрсенбаева, оператор Айдын Қиянбекова.

Екі айда бір рет тұрақты жарық көріп келе жатқан «А.Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы» ғылыми журналы және оқытушы-профессорлардың ғылыми еңбектері, ғылыми-теориялық конференция материалдары, сутденттер мен магистранттардың жыл сайынғы дәстүрлі «Жас ғалым» жинағыжәне басқа да кітаптарды өндіріске жіберу Баспа редакциясының  негізгі жұмысы болып табылады.

Мақсатымыз

2013-2014 оқу жылындағы САПА БОЙЫНША МАҚСАТТАРЫН жүзеге асыру жоспары

Баспа редакциясының ұжымы Сапа мақсаттарының негізгі функционалдық қызметтерін қамти отырып, университет президентінің Сапа саясатын жүзеге асыруға қойған талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін жұмыс бабында ұстау және үздіксіз жақсарту нәтижесінде тұтынушылардың қазіргі кездегі және болашақтағы сұраныс-талаптарына қызметкерлерді ұдайы бейімдеп, оны орындауға ұмтылады және қойылған шаралардың орындалуын жүзеге асыру жоспарын төмендегі көрсеткіштер бойынша мәлімдейді:

Мақсаттардың орындалу бағыттары

Мақсаттардың орындалу көрсеткіштері

Жауапты тұлғалар

Орындалу мерзімі

1.

Ғылыми дәрежелі оқытушылардың үлесін арттыру және ҚР-ның ғылыми орталықтарында, таңдаулы ЖОО-да біліктілігін арттыру арқылы оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми және педагогикалық біліктілігін жоғарылату

- Университетіміздің ОПҚ-на ғылыми дәрежелер алу үшін талап етілетін мақалаларын «ХҚТУ Хабаршысы» ғылыми журналында әр сериясы бойынша жүйелі түрде шығару арқылы көмектесу;

- «ХҚТУ Хабаршысы» ғылыми журналын әрбір саланың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялау үшін ҚР Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестациялау комитетінің басылымдар тізіміне енгізілуіне қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс жасау

100%

(екі айда бір санын шығару)

80%

Г.Әбілдаева,

бөлім қызметкерлері

Ақпан, сәуір, маусым, тамыз, қазан, желтоқсан

үнемі

2.

Оқыту үдерісін ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыздандыру, сапасын арттыру, кредиттік технологиямен оқытылатын пәндердің оқу-әдістемелік кешенін толықтыру

- Іріктеу комиссиясы мәжілісінің хаттамасымен бекітіліп, рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың, дәрістер (лекциялар) курсының, т.б. стилистикалық, грамматикалық қателерін тексеру, барынша сауатты, мазмұнды және сапалы шығару;

- кез келген оқулыққа Республикалық оқу-әдістімелік басқармасының грифін алдырту;

- Университеттің Баспа редакциясы арқылы жарыққа шыққан баспа өнімдерін университет кітапханаларына, авторларға, тиісті мекемелерге таратылуын қамтамасыз ету

- кез келген өнімді («Хабаршы» журналы мен оқулықтар) бірінші кезекте Республикалық кітап палатасына жіберу

80% көлемінде

100% көлемінде

Г. Әбілдаева,

бөлім қызметкерлері

Бөлім қызметкерлері

Іріктеу комиссиясы мәжілістерінің өткізілуіне қарай

Шыққан өнімге байланысты


Қызметкерлер

САДЫҚОВА Айгүл Дөненбайқызы

редактор

 

Мекен-жайы: ОҚО, Түркістан қ., Б.Саттарханов даңғ., 29

№1 оқу ғимараты, 131бөлме

 

Телефоны: +7(72533)6-39-07 (133)

 

Ұялы телефоны: + 7 705-898-02-17

 

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

АХМЕТОВА Жанар Абдрахманқызы

техникалық редактор

 

Мекен-жайы: ОҚО, Түркістан қ., Б.Саттарханов даңғ., 29

№1 оқу ғимараты, 131бөлме

 

Телефоны: +7(72533)6-39-07 (133)

 

Ұялы телефоны: + 7 702-175-73-40

 

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

БАЙҒҰТ Мадина Жүсіпқызы

көркемдеуші редактор

 

Мекен-жайы: ОҚО, Түркістан қ., Б.Саттарханов даңғ., 29

№1 оқу ғимараты, 131бөлме

 

Телефоны: +7(72533)6-39-07 (133)

 

Ұялы телефоны: + 7 701-620-99-41

 

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

СӘРСЕНБАЕВА  Жансұлу Өскенбайқызы

корректор

 

Мекен-жайы: ОҚО, Түркістан қ., Б.Саттарханов даңғ., 29 №1 оқу ғимараты, 131бөлме

 

Телефоны: +7(72533)6-39-07 (133)

 

Ұялы телефоны: + 7 701-455-69-99

 

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.