Мәдениет орталығы

Мәдениет орталығының басшысы

 

Зияйдинова Гүльсара Зияйдинқызы 1957 жылы 22 мауысымда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1975 жылы Қызылорда педагогикалық институтына түсіп, 1979 жылы «Ағылшын тілі мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді және 2005 ж. Қазақстан-Ресей университетінің «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік бітірген. Алғашқы педагогикалық еңбек жолын Түркістан қаласы №9 Некрасов атындағы мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастады. 1981-1986 жылдары аралығында сол мектепте тәрбие жөніндегі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары, қалалық білім беру бөлімінің мектеп инспекторы қызметтерін атқарған.

         1986-1991 жылдар аралығында Түркістан қалалық коммунистік партия комитетінің үгіт және насихаттау бөлімінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі болып қызмет жасаған.

         1991-1992 жылдары Түркістан қаласы №7 С.Ерубаев атындағы мектеп-интернаттың директоры болып істеді.

1992-1997 жылдары аралығында Түркістан қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісі. 

1997-1998 жылдары қала әкімшілігінің білім, денсаулық, мәдениет, спорт және туризм басқармасының орынбасары қызметін атқарды.   1998-1999 жылдары қалалық ақпарат және мәдениет бөлімінің  меңгерушісі қызметін атқарды.

1999-2001 жылдары аралығында №17 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназия директоры, 2001-2004 жылдары аралығында қалалық білім бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады.

2006 жылдан осы уақытқа дейін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ағылшын тілі кафедрасында аға оқытушысы болып, Мәдениет орталығының директоры болып қызмет атқарады.

Зияйдинова Гүльсара Зияйдинқызы өзінің қызметтік міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен және ұқыптылықпен қарайтын тұлға. Ол университеттің мәдени жұмыстарына белсене араласып, жастардың мәдениетін дамытуға ерекше үлес қосуда. Сонымен қатар, университеттің Мәдениет орталығында өткізілетін халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық шараларының жоғары деңгейде, нәтижелі өтуіне жан-жақты жағдай жасайды. Қазақстан өнер, әдебиет қайраткерлерінің, жас өнерпаздарының шығармашылығын жергілікті халыққа университет студенттеріне танытуда, насихаттауда ерінбей еңбек етеді.

Университет ұжымы, Түркістан қаласының халқы арасында өзінің еңбекқорлығымен, адами қасиеттерімен, кәсіби шеберлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, тыңғылықты жұмыс жасауымен жоғары беделге, қошеметке ие.

Сонымен қатар 1986 жылы КСРО Ағарту Министрлігінің Құрмет Грамотасымен, 1996 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатының Құрмет Грамотасымен, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс Хатымен марапатталған.

 

Мәдениет орталығының тарихы

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мәдениет орталығы Оңтүстік аймақтағы ең үлкен және қазіргі заман талаптарына сай ғимараты 1999 жылы салынған. Ғимараттың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өзі қатысқан болатын. Ғимараттың жылпы көлемі 8635,4м²құрайды.  Соңғы үлгідегі техникалық  құрылғылармен жабдықталған екі қабатты Мәдениет орталығында  ғылыми басқосулар мен әр түрлі мәдени-қоғамдық іс-шаралар өткізуге арналған  680 орындық үлкен зал және 200 орындық кіші конференц залдар бар. Бұл залдарда бір мезгілде 4 тілге ілеспе аударма жасауға мүмкіндік беретін кабинеттер, мультивидео пердесі, жағаға тағатын және сымтетіксіз микрофондар, соңғы үлгідеі жарықтармен қамтылған көп мақсатта пайдаланылатын 450 шаршы метрлік сахна орналасқан. Сондай-ақ, конгресстер, конференциялар, ән кештерін және театрлық көріністер ұйымдастыруға ыңғайлы орта қалыптастырған.

          Шағын 30 орындық залда комиссия жұмыстары мен жұмыс тобының, студенттік клубтардың отырыстарын өткізуге арналған.

         Мәдениет орталығында әр түрлі өнер туындыларының мен көрме шаралары үшін «Өнер галериясы» қойылған.

         Мәдениет орталығында студенттердің мамандығына, оқу ордасына, қоғамдық жұмыстарға қызығушылығын арттыру, студенттер арасында достық қарым-қатынасты нығайту, талантты жастарға қолдау көрсету  және сабақтан тыс бос уақыттарын тиімді, пайдалы өткізу үшін апта сайынхалықаралық, республикалық, қалалық, университет деңгейде конференциялар, семинарлар, кино, театрлық көрініс, көрмелер, байқаулар, студенттік клубтардың жұмыстары ұйымдастырылады. Мәдениет орталығында орташа есеппен жылына 680 шара өткізіледі.

          «Түркі дүниесі тарихы панорамалық» мұражайы. Көркемсуретті панораманың аумағы 306 шаршы метрден, биіктігі 6 метрден, ұзындығы 51 метрден тұратын, күмбезді дөңгелек залдан тұрады. Бұл панорама жұмыр жерді мекендеген түрік халықтарының тас дәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі бедерлі тарихын тұтас тамашалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұражайда түрік әлемі бейнеленген ғаламшар, түрік әлемінің ұлы ойшылдары мен қайраткерлері бөліміне көркемсуретті панорамаға еңбеген 17 адамның портреттері және олардың ғұмырнамасы жазылған тақтайшалар, түрік халықтарының ұлттық киімдерінің үлгісінде әзербайжан, қазақ, қырғыз, өзбек, түрік, түркмен, қарақалпақ, саха, тува, татар, башқұрт, алтай, гагауз, ұйғыр, чуваш, дағыстан түріктері халықтарының киімдері залда айнала қойылған. Орталықтың екінші қабатында шамамен 6500 шаршы метрлік ауданды қамтитын 360 орындық кітапхана, 25 орындық электронды зал интернет желісіне қосылған 25 компьютер арқылы зерттеу және іздену жұмыстарымен айналысуға келген оқырмандыр үшін жағдай жасалынған. Кітапхана орташа есеппен күніне 2500 оқырманға қызмет көрсетеді.

        

         Ән өндеу студиясы. Ән өңдеу студиясы соңғы үлгідегі дыбыс құрал жабдықтармен қамтылған. Университетте жалпы білім алып жатқан талантты жастарға қолдау көрсету  мақсатында жұмыс жасайды.

         Соңғы үлгідегі құрал жабдықтармен жабдықталған фото лаборатория. Фото лаборатория университеттің қоғамдық шаралары, мәдени іс-шаралы түсірілген фотосуреттерді өңдеп сақтау, архив жасау, журналға, газеттерге пайдалануға мүмкіндік жасау жұмыстарымен айналысады.

         Сонымен бірге қосымша фойесі, жер асты қоймалары, сыйлық және кітап сату дүкені, кафетерия, жоғары мәртебелі меймандарды күтуге арналған бөлмелер, көркемөнерпаздар үйірмелеріне арналған дайындық бөлмелер бар. Мәдениет орталығы ашылғалы бері жоғары мәртебелі меймандар Қазақстан, Түркия, Өзбекістан, Пакистан елдерінің Президенттері, Қазақстан Республикасындағы ТМД және Европа мемлекеттерінің елшілерінің қатысуымен жиналыстар, конференциялар өткізілді. Мәдениет орталығының ұжымы университет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында жұмысын жалғастыруда.

Мәдениет орталығының алғашқы директоры – Якуб Делиөмероғлы.

1999-2000ж оқу жылынан бастап, мәдениет орталығының директор қызметіне Яшар Шахиноғлы тағайындалды.

2006-2007 оқу жылынан бастап, мәдениет орталығының директор қызметіне Зияйдинова Гүльсара Зияйдинқызы тағайындалды. Қазіргі уақытта дейін Г.З.Зияйдинова ханым өз қызметін жалғастырып келеді.