"Ясауи университеті" газеті

Газет тарихы:   «Ясауи университеті» алғаш рет 1994 жылы жарыққа шықты. Газеттің негізін қалаған сол тұстағы баспа-редакция бөлімінің бастығы, марқұм сықақшы, ақын, журналист М.Дүйсенбеков. Алғашқы редакторы Мырзантай Жақып болды. 1995 жылы біршама уақыт Гүлжан Әбілдаева редакторлық етті. Газет  біраз уақыт үзілістен кейін 1998 жылы қазан айында қайта шықты. Редакторы б.ғ.д. профессор Әбділақ Халилаев, 1999 жылдан Сейдулла Садықов, 2003-2005 жылдарда Б.Сердәлі редакторлық етті.

Ұзақ жылдар үзілістен кейін «Орыс филологиясы және Журналистика» кафедрасының  доценті, ҚР Құрметті журналисі Қуандық Оразбекұлының бастамасымен 2011 жылы қайта шықты. Ақпарат айдынына қайта жолдама алған, оқу ордамыздың  үні «Ясауи университеті» газетінің бағытын айқындап, бойын тіктеуге тәжірибелі журналист Қ.Оразбекұлы елеулі үлес қосты. 2011 жылы қыркүйек-2012 қыркүйек аралығында Асхат Сәдібек газетке басшылық жасады.  Газеттің қазіргі редакторы – Әтіргүл Тәшім.

 

Газеттің редакциясының бүгінгі құрамы:

            Газет редакторы:  Әтіргүл Тәшім,

            Жауапты хатшы:    Ғалымжан Тәжібай.

            Көркемдеуші редакторы : Асқат Сәдібек.

            Оқу ордамыздың айнасы «Ясауи университеті» 

Газет– университеттің факультеттерінде, мәдени орындарында  өтіп жатқан  жаңалықтармен, оқу процесіндегі  әртүрлі іс-шаралармен, сондай-ақ, қоғамдық-саяси, тәлім-тәрбиелік маңызы зор істер жайындағы ақпараттармен  оқу-орын қызметкерлерін, ұстаздар мен студенттер қауымын таныстырып отыруға бағытталған. Газеттің сыртқы беті 2011 жылдың наурызынан бастап түрлі-түсті болып жарық көруде. Сонымен қатар 2012 жылдың қаңтар айынан бастап студенттер қосымшасы «Аудитория», түрік тіліндегі «Yesevi uoli» қосымшалары жарық көреді. Жаңа беттер, айдарлар ашылуда. Биылғы оқу жылынан  бастап, газетте қазақ, түрік,  тілдерінде  материалдар тұрақты  жариялануда.

 

Редакция қызметкерлері туралы ақпарат

 

 

Әтіргүл Тәшім, бас редактор:

 

            1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Республикалық «Ана тілі», «Өркен-Горизонт», «Қазақстан мұғалімі басылымдарында қызмет істеген.

            1998 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ баспа-редакция бөлімінде тілші, жауапты хатшы,2000 2004 жылдар аралығында Журналистика кафедрасында  оқытушы, 2004-2005 жылдарда Ясауитану ғылыми-зерттеу орталығы баспа бөлімінің меңгерушісі («Ясауи жолы»журналының редактор орынбасары), 2003-2007 жылдарда Түркістан сазды драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 2007-2012 жылдарда Орыс филологиясы және журналистика кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды. 2012 жылдан «Ясауи университеті» газетінің бас редакторы.

            2011 жылы 28 маусымда Журналистер мерекесіне орай Түркістан қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Республикалық «Қазақ үні» газетінің Түркістан қаласындағы аймақтық тілшісі. Фиология магистрі.

           

 

Ғалымжан Тәжібаев, жауапты хатшы:

 

2002 жылы Түркия республикасы Мармара университетінде «Жалпы журналистика» мамандығын бітірген. 2002 жылы ХҚТУ аударма орталығында аудармашы қызметін атқарды. 2003-2005 жылдар аралығында «Ясауи университеті» газетінде тілші, 2007-2010 жылдар аралығында «Түрік тілі» кафедрасында оқытушы болып, дәріс оқыды. 2010-2013 жылдар аралығында Гази университетінде «Радио-теледидар және кинематография» мамандығы бойынша магистратура бітірген. Түркия республикасының ТРТ каналында 1 жыл журналистік қызмет атқарған. Алыс-жақын шетердерде 10-ға жуық ғылыми мақалалары жарық көрген.    

 

 

 

Асқат Сәдібеков,  көркемдеуші редактор(дизайнер):

 

1999 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ін журналистика мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы осы университеттің магистратурасын филология мамандығы бойынша тәмамдады. Оқытушы-магистр А.Сәдібеков 20-ға жуық ғылыми мақалалардың, бірнеше оқу-әдістемелік құралдарының авторы. Асқат Кеңесұлы «Импакт факторлы журналдарға мақала жазу ерекшеліктері», «Қазақстанда журналистік білім беруді дамытудың жолдары: жаңа медианың мүмкіндіктері» атты халықаралық медиа-тренингтердің қатысушысы, сертификат иегері.