Шаруашылық инфраструктуралық даму департаменті

Құдайбергенов Серік Балғабайұлы

Шаруашылық инфраструктуралық даму департаментінің директоры Құдайбергенов Серік Балғабайұлы 1979 жылы 12-қарашада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қандөз елді мекенінде дүниеге келген. 1985 жылы Қандөз елді мекеніндегі орта мектепке барып 1995 жылы бітіріп шыққан. 1996 жылы Тараз қаласындағы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының «инженер-гидротехник» мамандығына түсіп 2001 жылы осы мамандықта М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітіріп шыққан. Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде 2001-2013 жылдар аралығында инженер-гидротехник, су инженері, экология және су инженері, №1 және №3 қазандық шебері, шаруашылық басқармасының бас маманы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда яғни 2013 жылдың қыркүйек айының басынан шаруашылық инфраструктуралық департамент директоры қызметін атқаруда.       

 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің шаруашылық басқармасы университет ашылған күндерден бастап жұмыс істейді. Басқарма университет сенатының 2013 жылғы 27 маусым күнгі №6 шешімі негізінде екі департаментке бөлінді. Олар: Шаруашылық инфраструктуралық даму департаменті және техникалық департамент.

Шаруашылық инфраструктуралық даму департаментінің (бұдан әрі департамент) құрамы төмендегідей:

-         департамент директоры;

-         департамент бас маманы;

-         су инженері;

-         инженер-электромеханик;

-         техник-автоматчик;

-         дизель шебері;

-         оқу және жатақханалар коменданттары;

-         жиһаз шеберханасының меңгерушісі;

-         азаматтық қорғаныс инспекторы;

-         экология және өрт қауіпсіздігі инженері;

-         еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері.

Департамент университетке қарасты 8 (сегіз) оқу ғимаратын, 4 (төрт) студенттік жатақхананы, 4 (төрт) жанұялық жатақхананы және арнайы оқытушыларға арналған Мағжан қалашығының жалпы шаруашылық жұмыстарына жауапты.

Атап айтатын болсақ: оқу ғимараттарының, жатақханалардың, тұрғын үйлердің іші-сыртының күнделікті тазалық жұмыстары, ғимараттардағы ауыз судың, жарықтың, канализация және ауа тазарту жүйелерінің бірқалыпты тоқтаусыз жұмыс істеуі, жылу маусымында жылудың талапқа сай берілуі және байланыс жүйесінің (телефон) жұмысы. Жаз айларында арнайы жұмыс жоспарына сай ақау актілерінің негізінде ғимараттарға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады. Осы жоғарыдағы аталған жұмыстарды өз дәрежесінде орындау әр ғимараттардағы коменданттарына және департаментке қарасты арнайы мамандарға жүктелген.   

Бұдан әрі университетте департаментке қарасты жиһаз шеберханасы жұмыс істейді. Шеберхананың тікелей міндеті кафедра, деканаттардан және бөлімдерден келіп түскен тапсырыстарын тікелей вице-президенттің рұқсатымен, тапсырыстағы көрсетілген үлгі бойынша жасап беру.