ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМДЕРІ

 
- Кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау 20.06-09.07.2015 аралығында жүргізіледі.
- Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдау 20.06-01.07.2015 аралығында жүргізіледі.
- Шығармашылық емтихан 02.07-07.07.2015 аралығында өткізіледі.
- Кешенді тестілеу 17.07-23.07 аралығында өткізіледі.
- Конкурсқа өтініштерді қабылдау 23.07-31.07 аралығында өткізіледі.
-  Жедел мамандықтарға өтініш  қабылдау 20.06.-15.08.2015 ж
- жедел мамандықтардан емтихан қабылдау 17.08-20.08.2015 ж
- Студент қатарына қабылдау (грант, ақылы) 10.08.-25.08.2015 ж.
 
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
Кешенді тестілеуге қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Белгіленген үлгідегі бланкіде  өтініш, (осы жерде);
2. Білімі туралы құжат (диплом немесе аттестат) (түпнұсқа);
3. Кешенді тест сынағын өткiзуге қажеттi ақыны төлегенi туралы түбiртек (квитанция);
4. 3х4 көлеміндегі фотосурет – 2 дана, (суретке осында түсіріледі – 132 бөлме);
5. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
6. Жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
7. Конверт (өлшемі А5) – 1 дана.
 
Шығармашылық мамандықтарға тапсыратын қажетті құжаттар тізімі:
1. Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
2. ҰБТ тапсырған сертификаты
3. Кешенді тест сынағын өткiзуге қажеттi ақыны төлегенi туралы түбiртек (квитанция), (ҰБТ тапсырғандарға қажет емес)
4. 3х4 көлемiндегi 4 (екі) дана  фотосурет (суретке осында түсіріледі - 132 бөлме) 
5. 086-У нысанындағы медициналық анықтама
6. Жеке басын куәландыратын құжат және көшірмесi 
7.  1 дана конверт
 
Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуы үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Белгіленген үлгідегі бланкте өтініш (осы жерде);
2. Білімі туралы құжат (диплом немесе аттестат) (түпнұсқа);
3. ҰБТ немесе КТ сертификаты;
4. Жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
5. 3х4 көлемдегі фотосурет – 4 дана;
6. 086-У нысандағы медициналық анықтама;
7. Талапкер жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжаттар, егер ие болса (қосымшаға сәйкес);
8. Конверт (өлшемі А5) – 1 дана;
 
ЖОО қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. ЖОО қабылдау туралы өтініш;
2. Білімі туралы құжат (диплом немесе аттестат) (түпнұсқа);
3. 3х4 көлеміндегі фотосурет – 6 дана;
4. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
5. 063 нысандағы медициналық анықтаманың көшірмесі (егуді тіркеу анықтамасы);
6. ҰБТ немесе КТ сертификаты;
7. Білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлік (грант игерлері үшін);
8. Келісім шарт (ақылы негізде тапсырғандар үшін) – 3 дана; Ақылы оқитындар 1 жылдық төлем ақының 25 % төлегендігі туралы түбіртектің    (квитанция) көшірмесі
9. Скоросшиватель – 1 дана;
10. Конверт (өлшемі А5) – 1 дана.
 
Қосымша: Басым құқыққа ие екендігін растайтын құжаттар тізімі.
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстар мен халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары.
- 1 және 2 топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
- Жеңілдікке теңестірілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектері.
- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар.
- Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері.