жатақана

 

ЖАТАҚХАНА ДИРЕКЦИЯСЫ. 

 

Жатақханалар  дирекциясына  қарасты  №1 ерлер,  №2 қыздар,  №3 заң  факультеті,  №5 медицина   факулътетінің  жатақханалары бар.Жатақханаға бірінші кезекте грант негізінде оқитын студенттер, содан кейін тұл жетім, жартылай жетім студенттер, Түркі дүниесінің  студенттері, квота негізінде оқитын студенттер, содан кейін ғана ақылы бөлімде оқып жатқан студенттер орналасады. Сондай-ақ, 20 тұл жетім студент жатақхана төлемақысынан босатылып, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.  Жатақханада студенттер үшін барлық жағдай қарастырылған. Барлық бөлмелер керекті жиһаздармен қамтамасыз етілген. Тәулік бойы ыстық су беріледі, жылу жүйесі де қалыпты жұмыс істейді. Сонымен қатар, кітапхана, оқу залы студенттерге қызмет көрсетеді. Тұрақты түрде мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады. Жатақханалар  дирекциясына  қарасты  барлық  жатақханаларда  кітапханалар, кір жуу бөлмелері, шайханалар, жиналыс  өткізетін  бөлмелер,  студенттерге  қызмет  жасайды.Сонымен  қатар  №1 Ерлер, №2 қыздар  жатақханаларында  арнайы  жабдықталған тренажер  залдары  бар.Екі  жатақхана  жанынан  салынған  ашық  спорт  алаңы  бар. Онда  Баскетбол,  Волейбол, кіші  Футбол алаңы,  үлкен  Теннис  корттары  бар. Студенттер бос уақыттарын  денсаулықтарын  шынықтыру  үшін  өздерінің  сүйікті  спорт  түрлерімен айналысады.

Жатақхана дирекциясы Студенттік ректоратпен тығыз  қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Студенттік ректоратта Жатақхана проректоры да бар.