Визалық бөлім

 

Визалық бөлім

Жалпы университетіміз Халықаралық болғаннан кейін оқу ордамызда 14 мемлекеттің 25 түркі тілдес елдерінен 1300-ге жуық жастар оқиды. Олардың ішінде Түркия, Моңғолия, ҚХР, Сирия, Ауғанстан, Молдова, Болгария, Македония, Украина, Түркменстан елдерімен Қазақстан визалық қарым-қатынаста, ал қалған Түркі тілдес елдермен және РФ-мен визасыз қатынаста.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

►    Университетімізге қызметке, оқуға келетін шетелдік немесе шетелдерге шығатын азаматтарға шақырту, визалық қолдау жұмыстарын ұйымдастыру;

►    Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен шетелдік тұлғалардың төлқұжаттарын еліміздің қолданыстағы Көші-қон Заңының талаптарына сай Облыстық және жергілікті жердегі Көші-қон органдарында тіркеу және қайта тіркеу жұмыстарын атқару (5 күн ішінде шетел азаматтарының паспорттарын тіркеу);

►    Шетел азаматтарына ҚР қолданыстағы білім беру саласындағы заңнамаларын, білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережесін түсіндіру;

►    Университетте қызмет атқаратын және күндізгі бөлімде оқитын әскери міндетті азаматтарды әскери есепке алу және есептен шығаруды атқару;

►    Келісім-шарт негізінде ұзақ мерзімге немесе уақытша қысқа мерзімге қызметке қабылданған азаматтардың төлқұжаттарын жанұялық жатақханаларға тіркеу және есептен шығару.

►    Қажет болған жағдайда өкілетті органнан, университетте қызмет етуге, шетелдік жұмыс күшін тарту үшін лицензия (рұқсат) алу;

►    Университеттің қоғамдық ұйымдары тарапынан өткізілетін іс-шараларға атсалысу.

 

Ережеге сәйкес  визалық қолдауды рәсімдеу үшін төмендегі құжаттар қажет.

а) Студенттер үшін:

          −   Паспортының көшірмесі (қазақша аудармасы)

          −   Университетте оқитыны жөнінде анықтама 

          −   Курстан-курсқа көшкендігі жөнінде бұйрықтан үзінді.

          −   Визаға төлейтін қаражат.

б) Оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерге:

          −   Паспортының көшірмесі (қазақша аудармасы).

          −   Дипломның көшірмесі, міндетті түрде апостильі болуы керек, дипломның қазақша нұсқасы нотариуспен                 заңдастырылуы қажет.

          −   Университетпен жасалған келісім-шарт (қазақша аудармасы).

          −   Жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрықтан үзінді.

в) Жанұя мүшелері болса:

          −   Жұбайының паспортының көшірмесі (қазақша аудармасы).

          −   Неке куәлігі, оның қазақша нұсқасы нотаруиспен рәсімделуі керек және міндетті түрде апостильмен болуы              керек.

          −   Балалары болса, олардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі де қазақшаға аударылып нотариуспен рәсімделуі тиіс, паспортының көшірмесі бар болса жеке-жеке апостильмен болуы керек.

       Тағы бір ескерілетін жағдай, виза алатын азаматтың паспортының қолдану мерзімі алынатын визаның бітетін уақытынан 6 ай жоғары болуы керек.

Ереже негізінен ҚР Ішкі істер министрлігінің 2012 жылғы 7-наурыз № 135 және ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2012 жылғы 28-сәуір № 08-1-1-1/154 бірлескен бұйрығымен бекітілген және осы бұйрықтың 12 бабына сәйкес әрбір шетелдік азаматтар Қазастан Республикасына келер алдында өз елдерінен  Рентгеннен өткені жөніндегі және СПИД орталығынан өткені жөніндегі анықтамасы болуы шарт.