Жалпы мәлімет

ТҮРКИЯ  РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІ ДҮНИЕСІНЕН КЕЛГЕН СТУДЕНТТЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

 

         Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының арасын білім жолы арқылы ресми түрде байланыстыратын, Түркі тектес мемлекеттерден келген студенттерге  білімдерін  халықаралық деңгейге жеткізу, қарым-қатынастарды жақсарту мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар ұйымдастырылып келеді.  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түркия Республикасы мен Түрік Дүниесінен келіп білім алып жатқан шетелдік студенттеріміздің күнделікті  мәселелеріне байланысты  атқарылып жатқан ұйымдастыру жұмыстары мен тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар  жөнінде де бірқатар жұмыстар атқарылуда.

         Биылғы 2013-2014 оқу жылында қазіргі  таңда біздің университетімізде нақтырақ  айтқанда  алыс-жақын  14 мемлекет 25 ұлт өкілінен 1200 ге жуық шетелдік студенттер білім алуда.   Өкілетті Кеңес тарапынан Түркі дүниесі контингенті бойынша бакалавр мамандығы бойынша 743 студент, интернатура бойынша 39 студент, Түркістан қаласы бойынша дайындық факультетінде 196 тыңдаушы, Кентау дайындық тыңдаушылар 137-тыңдаушы, 16-магистрант, 6-докторант, ал Түркі Дүниесі контингентінен тыс оралмандар дүниесінен 60-тан аса шетелдік білімгерлеріміз білім  алып жатыр.

         Ең алдымен Түркия Республикасы мен Түркі дүниесінен келген  білімгерлеріміздің жеке іс-құжаттары мен университет президентінің бұйрығының негізіне тікелей сүйене отырып тіркеуге алу жұмыстарынан басталады:

         Шетелдік студенттерімізбен тығыз жұмыс жасап үнемі байланыста отыру мақсатында  әрбір мемлекеттен келген шетелдік білімгерлеріміздің арасынан студенттік төрағалар  сайлап, тиісті бөлімдермен жұмыстар атқарылып отырады. 

      Әлеуметтік жағына келетін болсақ Шетелдік білімгерлер ең алдымен жатақханамен қамтамасыз етіледі. Студенттерге тиесілі тарифпен белгіленген акша сомасын төлейді 10-айға 22 000 теңге, Түркі дүнмесі студенттері жылына бір рет елдерінен келу және кету жол шығыны төленеді мемлекеттеріне қарап ережеде белгіленген тариф бойынша, 50 АҚШ доллар көлемінде шәкіртақы төленеді 10 айға үштік бағаларына қарамастан және бағаларына қарап Қазақстан тарапына шәкіртақы тағайындалады 18 282 теңге. 

Биылғы жылдан бастап Түркиялық студенттерге Өкілетті Кеңес тарапынан сабақ үлгерімдеріне байланысты ұшақ билеттері төленуде. Ата –аналары жоқ шетелдік студенттерг де әлеуметтік жағдайлар қарастырылған шәкіртақы және күнделікті тамақтарына.