ТАРИХИ КҮНДЕР

6 маусым 1991 жыл – Түркістан қаласында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан Мемлекеттік университеті құрылды.          
31 қазан, 1992 жыл – Анкарада  ҚР мен Түркия Республикасы Үкіметтері арасында оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды.
1991 жыл – Медицина, Экономика, Заң, Филология, Тарих-педагогика, Медицина  факультеттері ашылды.
2001-2002 жыл – Спорт және Өнер факультеті ашылды.
2004 жыл – Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультеті ашылды.
2007жыл –Университет Болон декларациясына қосылу туралы Меморандумға, Тараз Декларациясына қол қойды.      
2007-2008 жыл – Жаратылыстану факультеті ашылды.
2009 жыл – ТІS халықаралық түрік компаниясынан қайта сертификациялаудан сәтті өтіп, ИСО 9001:2008 халықаралық стандарты¬на сәйкес сапа менеджменті жүйесі сертификатына ие болды.
 
22 қазан, 2009 жыл –ҚР Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімге» өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификацияланды және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Өкімімен бекітілді.
24 мамыр, 2010 жыл – Абдуллах Гүл мен Нұрсұлтан Назарбаев университетімізде болды. Түркістанға келген сапарларында Түркия Республикасы тарапынан салынған клиникалық-диагностикалық орталық пен ҚР тарапынан салынған жаңа әкімшілік ғимаратының ресми ашылу салтанаттары өткізілді. Сонымен қатар, университет қалашығында жаңадан салынатын 1850 студентке арналған оқу корпус пен 400.000 кітап сыйымдылығындағы кітапхана және 500 орындық студенттік жатақхана ғимараттарының іргетасын қалау салтанаттары өткізілді.
2010 жыл – Болон Декларациясының негізі болып табылатын университеттердің Ұлы Хартиясының мүшесі болды.
2012 жыл – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қызмет шарттары туралы келісімі бекітілді. 
2012 жыл – Мемлекеттік аттестациядан оң баға алды.
24 мамыр, 2012 жыл – Астана қаласында ресми сапары кезінде Түркия Премьер-Министрі Режеп Тайып Ердоған мырза университетіміздің 10 үздік түлектеріне дипломдарын тапсырды.
18-19-20 наурыз, 2013 жыл – Халықаралық институционалды аккредитациядан өтті.
2012-2013 жыл – «Медициналық білім беру орталығы» құрылды.Мұндай орталық басқа ешбір жоғары оқу орнында болмаған. Жаңа медицина ғимаратында «Объективті құрылымдық клиникалық емтихан қабылдау» орталығы жабдықталды. 
2014 жыл – Мамандырылған Халықаралық аккредитациядан 30 мамандық өтті.