ЖЕТІСТІКТЕР

ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР!!

 

1993 жыл– Республикалық «Жас қанат» әншілер байқауында «Қазақстан» тобы бас жүлдені иеленді.

1996 жыл – Ұлы Жамбылдың 150 жылдығына арналған Халықаралық ақындар айтысында Бекарыс Шойбеков бас жүлдені иеленді.

1997 жыл– «Арай» байқауында Алтынай Жорабаева IIIорынды иеленді. Бұл оның алғашқы жеңісі. 2008 жылы Елбасының жарлығымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.

1998 жыл– Халықаралық «Әлия» фестивалінде Мақсат Айтжанов бас жүлдені иеленді.

1998 жыл – Республикалық ақындар айтысында Бекарыс Шойбеков бас жүлдені иеленді.

1999 жыл– Университет өнерпаздары Түркия Республикасы Анкара, Кайсері, Адапазар, Кірбіс қалаларында өнер көрсетті.

1999 жыл– Мұхтархан Ділдәбеков әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Парасат орденімен марапатталды (2000).

2000 жыл– Халықаралық «Тұран-аруы» байқауында  Кәмшат  .................... бас жүлдені иеленді.

2000 жыл– Заң факультетін тәмамдаған Бекзат Саттарханов Сидней Олимпиадасының чемпионы атанды. Сидней Олимпиадасындағы жеңісі үшін президент  Бекзат Саттархановқа І дәрежелі  орденін табыс етті.  Бекзат «Барыс» орденініңтұңғышиегеріретінде де қалды.

2000 жыл – Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған Халықаралық ақындар айтысында Бекарыс Шойбеков бас жүлдені иеленді.

2001 жыл–Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында Бекарыс Шойбеков бас жүлдені иеленді.

2003 жыл– Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Эстрада жанры бойынша Нұржан Қалжан бас жүлдені иеленді.

2004 жыл –  Халықаралық «Азия дауысы» ән фестивалі аясында өткен «Қазақ әндері» байқауында  «Ұлан» квартеті «Алтын домбыра»  иегері атанды.

2005 жыл – Республикалық «Жас қанат» әншілер байқауында бас жүлдені, Қытайдың астанасы ШанХайда өткен Халықаралық ән байқауында ІІ орынды Нұржан Қалжан иеленді.

2006 жыл– Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен Республикалық ақындар айтысында Бекарыс Шойбеков бас жүлдені иеленді.

2010 жыл– Түркия Республикасының Анкара, Стамбул, Сибас, Қайсері, Кападокия қалаларында «Достық» ансамблі концерт өткізді.

2010 жыл–Түркіменстан Республикасының Аваза қаласында «Аваза - 2010» Халықаралық байқауында «Бисұлтан» би ансамблі І орынды иеленді.

2007-2008-2009-2010 жыл–  Республикалық «Наурыз айтыстарында Бекарыс Шойбеков бас жүлдені иеленді.

2011 жыл–Түркия Республикасының Анкара қаласында ХҚТУ өнерпаздары концерт өткізді.

2012 жыл– Халықаралық «Менің Қазақстаным!» ән фестивалінде Біржан Сапарбеков 2 орынды иеленді.

2013 жыл– Республикалық «Арай – 2013» ән фестивалінде Жанар Исмаилова 3 орынды иеленді.

2013 жылы– Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» байқауында Батырхан Сәрсенхан 1 орынды иеленді.

2014 жыл– Республикалық «Абай әлемі» әншілер байқауында Тілек Нағымбаев 1 орынды иеленді.

2014 жыл– Республикалық «Абай әлемі» оқуларында Ерқасым Зұлпыхаров бас жүлдені иеленді.

2014 жыл– Оралхан Бөкей атындағы Республикалық көркем сөз оқу шеберлерінің байқауында Марал Қожамқұл бас жүлдені иеленді.

2014 жыл– Ер Жәнібектің 300 жылдығына орай «Алтайға ел қондырған Ер Жәнібек» атты Халықаралық ақындар айтысында Шұғайып Сезімхан III орынды иеленді.

2014 жыл– Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай өткен Республикалық жыр мүшайрасында Батырхан Сәрсенхан II орынды иеленді.

2014 жыл– Халықаралық «Шабыт-2014» байқауында «поэзия» жанры бойынша Батырхан Сәрсенхан бас жүлдені иеленді.

 

СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР!!

 

2000 жылымарқұм Бекзат Саттарханов Сидней олимпиадасының жеңімпазы  атанды;

2000 жылы Мұхтархан Ділдәбеков Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды;

2012 жылы Ақжүрек Таңатаров ХХХ жазғы Лондон Олимпиадасында еркін күрестен қола жүлдесін иеленді.

 

·        Университетіміздіңспортшылары арасында Қазақкүресінен 2 әлем чемпионы, бокстан 1 Әлем чемпионы, Азия ойындарының3 жеңімпазы және Азиячемпионатының жүлдегерлері бар;

·        Қыздарбаскетбол командасы Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпионы атанған;

·        Қазақшакүрестен университет түлегі Мәди Құрымбаев әлемнің екі дүркін жеңімпазы;

·        Мәскеу қаласында самбо күресінен өткен Әлемчемпионатында Дархан Сержанов;

·        Азия чемпионатында Қайрат Пазылбеков;

·        Таэквандодан Катар мемлекетінің Доха қаласында өткен Азия ойындарында Ринат Құралбаев жүлдегер атанды;

 

2009 жылы Сербияның Белград қаласында дзюдо күресінен Әлем Универсиадасында 60кг салмақ дәрежесінде студентіміз Төребеков Бақытжан ІІ орынды, Құрымбаев Мәди (81кг) ІІІ орынды иеленді;

2012 жылы ХХХ жазғы Лондон Олимпиадасында Ақжүрек Таңатаров еркін күрестен қола жүлдегер  атанып, еліміздің көк туын Ұлыбритания төрінде желбіретті. Еліміздің намысын қорғаған батыр студентімізге университет басшылығы темір тұлпар мінгізіп, ризашылығын білдірді;

2013 жылы Болгария мемлекетінің Бургас қаласында өткен самбо күресінен спорт шеберлері арасындағы Әлем Чемпионатында ҚРЕСЖ университетіміздің профессоры Халилаев Абдсадық Нұрлақұлы 90 кг салмақ дәрежесінде І орынды иеленіп 4 дүркін Әлем Чемпионы атанды;

2013 жылы бокс спорт түрінен өткен Әлем Чемпионатында университетіміздің студенті Жақыпов Біржан 48 кг салмақ дәрежесінде Әлем Чемпионы атанса;

Самбо күресінен Грецияның Салоники қаласында өткен Әлем Чемпионатында университетіміздің студенті Жылқыбаева Айжан 48 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын;

Құдайбергенова Мереке 72 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленді;

2014 жылы Ресей мемлекетіне қарасты Карачай-Черкас Республикасы Домбай қаласында белбеу күресінен өткен Әлем Чемпионатында университетіміздің студенті Құдайбергенова Мереке Әлем Чемпионы атанды;

2014 жылы самбо күресінен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін әйелдер және ерлер арасындағы Әлем кубогында университетіміздің студенті Нұртаева Нұрғайша ІІІ орын иеленді;

2014 жылы Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында самбо күресінен өткен Азия Чемпионатында ТТО-111 тобының студенті Айдарбек Жәнібек 74 кг салмақ дәрежесінде І орын иеленсе, МДШ – 212 тобының студенті Жұмаділлә Бағдат ІІ орынды, МДШ-112 тобының студенті Өтешов Ғалымжан, МДШ-311 тобының студенті Атаханова Фатима, МДШ-212 тобының студенті Искаков Еламан ІІІ орынды қанжығаларына байлады;

2014 жылықазан айында еркін күрестен АҚШ-та өткен Әлем Чемпионатында МДШ-311 тобының студенті Ғалымжан Усербаев Әлем Чемпионы атанды;

2014 жылықазан айында Оңтүстік Корея Сеул қаласында самбо күресінен өткен Әлем Чемпионатында Пайыз Жадыра 44 кг салмақ дәрежесінде, Жылқыбаева Айжан 48 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын, Искаков Еламан 100 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды иеленді;

ҚР БжҒМ –нің ұйымдастыруымен екі жылда бір рет өткізілетін ЖОО арасындағы жазғы универсиадасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрама командасы жүлдегер командалар қатарында.