МЕДИЦИНА

 

ФАКУЛЬТЕТ ТАРИХЫ

Медицина факультеті 1991 жылы құрамында екі кафедра болып Кентау қаласында  ашылған. Қазіргі таңда факультетте 2533 студент оқиды. Оқу үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Факультет деканы, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Жүнісов Мұрат Сағыналиұлы.

МАМАНДЫҚТАР                                         

5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығы. Оқу мерзімі 5 жыл бакалавриат +2 жыл интернатура.

5В13020 – «Стоматология» мамандығы. Оқу мерзімі 6 жыл. 5 жыл бакалавриат+1 жыл интернатура.

6D110100 – Медицина (Рhдокторантура) оқу мерзімі 3 жыл

6D110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау (Рh докторантура) оқу мерзімі 3 жыл

6М110100 – Медицина (магистратура) оқу мерзімі 1,5 жыл; 2 жыл.

Резидентура: Жалпы хирургия – оқу мерзімі 3 жыл.

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ:

·        Алыс және жақын түрік тілдес елдерден келіп студенттердің білім алуына мүмкіндіктің болуы.

·        Модульдік жүйе бойынша білім беру.

·        Тәжірибелік дағдыларды нығайту мақсатында оқу-клиникалық орталығында муляждармен жұмыс жасау.

·        ON-LINE режимде шет елдік белгілі ғалымдардың дәрістерін тікелей тыңдау.

·        Медицина салалары бойынша клиника-диагностикалық орталықта жоғары дәрежедегі оталарды көру және мастер-кластарға қатысу.

·        Академиялық ұтқырлық аясында Қазақстан және Түркия мемлекетіндегі кез келген клиникаларда оқу-тәжірибеден өту.

·        1,2 семестр бойы Түркия мемлекетіндегі медицина білім беру орындарда оқуға мүмкіндік бар.

·        Үздік оқыған студенттер Түркия мемлекеті тарапынан бөлінген квота мен грант орындарына ашық конкурс нәтижесінде ие болуға мүмкіндік бар.

·        Халықаралық стандарттарға сай студенттерді құзыреттіліктер бойынша жан-жақты дамуын көрсететін электрондық портфолионың болуы.

СТУДЕНТТІК ҮЙІРМЕЛЕР МЕН КЛУБТАР

·        Медицина Жастарының Халықаралық ұйымы (IAMS)

·        «Жаны саудың тәні сау» клубы

·        «ХҚТУ самұрықтары» дебат клубы

·        Студенттік ғылыми үйірмелер

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ

·        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты емдеу-сауықтыру мекемелері

·        Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты емдеу-сауықтыру мекемелері

·        Медициналық көмек көрсету орталықтары

·        Облыстық және қалалық емханалар

·        Тіс емдеу емханалары

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР:

·        Түркия Республикасы, Хаджеттепе университеін

·        Түркия Республикасы, Гази университеті

·        Түркия Республикасы, Түрғыт Өзал университеті

·        Түркия Республикасы, Акдениз университеті

·        Түркия Республикасы, Дүзже университеті

·        Түркия Республикасы, Нежмеддин Эрбакан университеті

·        Түркия Республикасы, Жумhуриет университеті

Оқу түрі : күндізгі, сыртқы (қашықтықтан оқыту технологиясы қолданылады)

Оқыту тілі : қазақ, түрік, ағылшын, орыс.