ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

ФАКУЛЬТЕТТАРИХЫ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрамындағы жаратылыстану факультеті 2007-2008 оқу жылында құрылған.

2007-2008ж.ж. – доктор Хусейн Челеби

2008-2013ж.ж. –ф.м.ғд., профессор Жұмабаев Мықтыбек Жандарбекұлы

2013-2014ж.ж.-б.ғ.к., Бостанова Ардақ Мұратқызы басқарды.

Қазіргі таңда факультет деканы –Ажиханов Нұрлан Тобаханұлы

ФАКУЛЬТЕТ ТУРАЛЫ

Жаратылыстану факультеті құрамында университетіміздің іргелі 4 кафедрасы жұмыс істейді.

Факультетте 76 профессор-оқытушы дәріс береді. Олардың ішінде 12 ғылым  докторы, 1 Phd докторы,  42 ғылым  кандидаттары,  7 аға оқытушы, 14 оқытушы бар.

2014-2015 оқу жылында Факультетте күндізгі оқу түрі бойынша – 598студент, сырттай және қашықтықтан оқыту түрі бойынша – 75 студент, 51 магистрант, 14 докторант білім алуда. Оның ішінде ҚР гранты -113, ҚР грант(ТТЕ)-24, квота-71, келісім-шарт- 343 студент оқиды.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

·        2013-2014 оқу жылында факультеттің 24мамандықтары Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Қазақстандың тәуелсіз агенттігінен аккредитациядан өтті.

·        Математика кафедрасының профессоры ф.-м.ғ.д., Ә.Мұратовқа, физика кафедрасының профессоры, ф.-м.ғ.д., А.Бахтибаевқа 2009 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы берілді.

·        Экология және химия кафедрасының оқытушылары бірнеше жыл қатарынан Білім және ғылым министрлігі тарапынан 5 оқытушыға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атақтары берілді: 2009 ж. үздік оқытушылары – х.ғ.к, доцент м.а. Алтынбекова М.О., техн.ғ.к.,  ХҚТУ профессоры Мейірбеков А.Т., 2011 ж. үздік оқытушысы – х.ғ.к., доцент Дәрібаев Ж.Е., 2012 ж. үздік оқытушысы – техн.ғ.д., профессор Ақбасова А.Ж., 2013 ж. үздік оқытушысы - х.ғ.к., доцент Нұрділлаева Р.Н.

·        Экология және химия кафедрасының профессор м.а., б.ғ.к. Абдраимова Қ.Т. университеттің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.

·        Экология және химия кафедрасының қауым. профессор м.а., техн.ғ.к. Шалабаева Г.С. және қауым.профессор м.а., х.ғ.к. Сарбаева Қ.Т. Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерия Академиясының академиялық кеңесшісі болып тағайындалды.

·        Химия мамандығының студенттері Каримова Интизор және Аблаева Әйгерім ғылыми жұмыстар бойынша Республикалық конкурстың жеңімпаздары ретінде ҚР білім және ғылым министрлігінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

·        2014-2015 оқу жылында ф.-м.ғ.д., профессор Б. Турметов  және ф.-м.ғ.к., профессор Н.Иманбаев Нұрлан – Thomson Reuters, Scopus базаларында жарыққа шыққан мақалаларына қаржылай марапатталды.

·        ОҚО, Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаевтан - ф.м.ғ.к., профессор К.Кулекеев –ҚР «Қазыналы қарттар күні» алғыс хатымен марапатталды.

·        Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқу-ісі мен мәдени тәрбиелік жұмыстарына белсене араласып өз ісіне біліктілік танытқаны үшін - ф.-м.ғ.к., доцент К. Назарова  –алғыс хатпен марапатталды.

·        Кафедра оқытушысы Еркишева Жазира - ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Республикалық институтынан (Алматы, Өрлеу) Найл университеті (Ұлыбритания, Норвич) 02.06.2014-15.06.2014ж. аралығында тәжірибе алмасты.

·        2011-2012 оқу жылында жоспарланған Қазақстан Республикалық білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасында Н.Б.Толбаев жетекшілігімен М.И.Досымбетова, К.С.Бексеитова, Н.Н.Бабаевалар ІІІ-ші орын алғаны үшін марапатталса, ҚР ЖОО- студенттерінің 2012 жылғы үздік ғылыми-зерттеу конкурсының қорытындысы бойынша ІІІ орын алғаны үшін  оқытушы Абишова Гүлжан Орынбасарқызының жетекшілігімен ІІ курс ЖБИ-111 тобының студенті  Қалпеисова Гүлшаһар марапатталды.

·        2012 жылдың 16-17 наурызында Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен "Жаңа әлемдегі жастар және ғылым" атты жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында техн.к.,к.,доцент м.а. Ғ.И.Исаевтің жетекшілігімен Х.М.Муталова Жаратылыстану ғылымдары секциясы бойынша ІІ-орын алғаны үшін  ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. 2011-2012 оқу жылының  5 ақпанмен 19 ақпан аралығында  техн.ғ.к., доцент м.а. Ғ.Исаев Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Хаджетеппе университетінде «Академиялық ұтқұрлықты жүзеге асыру» мақсатында тәжірибе алмасып қайтты.

·        2012-2013 оқу жылында  аға оқытушы Б.Юсупов, техн.ғ.к., аға оқытушы Г.Тұрметованың  жетекшілігімен «Жас биолог» үйірмесі және «Табиғат» клубы  құрылып 150 000 (мың) теңгемен қаржыландырылды. Олардың негізгі мақсаты: бөлме гүлдерінің, аквариуим балықтарының түрлерін көбейту, университетті гүлдермен безендендіру жұмыстарына ат салысу  студент жастарды ғажайып табиғатпен жақындастыру болды.

·        2012-2013 оқу жылында б.ғ.к., доцент З.С.Ажибаеваның жетекшілігімен «Мал шаруашылығы өнімдерін арттыруда альгобиотехнологиялық әдістерін қолдану» тақырыбындағы инновациялық жобасын Оңтүстік Қазақстан облысы деңгейінде жеңіп алып, 10 млн теңге  бөлінді.

·        2012-2013 оқу жылында Туркия Республикасының  Муғла  қаласындағы «Муғла» университетінде академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында ЖБИ-011 тобының студенттері Нуриддинов Нұрсұлтан мен Әмзеева Ұлпан 1 семестрге оқуға жіберіліп,жоғары  нәтижемен  оралды.

·        Студенттер және магистранттарды оқу- дала тәжірибесінен өткізу мақсатында негізгі базалар ретінде  «Ботаникалық бақ», «Виварии», Гүлзары, Түлкібас ауданындағы Машат шатқалын және Қаратау  қорығы пайдалануда.

·        2012-2013 оқу жылында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен Республикалық пәндік олимпиадасында техн.ғ.к., доцент м.а. Ғ.И.Исаевтың жетекшілігімен Е.Ташауов, Ш.Мырзахметова, М.Аймахановтар ІІІ-ші орын иеленді. 2013 жылы Республикалық үздік ғылыми-зерттеу конкурсының қорытындысы бойынша ІІ орын алғаны үшін Г.Ташметова б.ғ.к., доцент З.С.Ажибаеваның жетекшілігімен, ІІІ орын алғаны үшін А.Сабырова техн.ғ.к., аға оқытушы Г.Турметованың жетекшгілігімен және Б.Орынбаева магистр-оқытушы Н.Н.Салыбекованың жетекшілігімен марапатталды.

·        2012-2013 оқу жылында Республикалық тәуелсіз Ұлттық рейтинг  нәтижесі бойынша 5В011300-Биология мамандығы ІІ орынды, 5В060700-Биология мамандығы ІІІ орынды иеленді.

·        Кафедра қазіргі таңда5В010900, 5В060100 - Математика мамандықтары бойынша студенттер, 6M060100 - Математика, 6М070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандықтары бойынша магистрлар және 6D010900–Математика,  6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандықтары бойынша доктор PhD дайындалады.

·        2014-2015 оқу жылында ф.-м.ғ.д., профессор Б. Турметов  және ф.-м.ғ.к., профессор Н.Иманбаев Нұрлан – Thomson Reuters, Scopus базаларында жарыққа шыққан мақалаларына қаржылай марапатталды.

·        ОҚО, Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаевтан - ф.м.ғ.к., профессор К.Кулекеев –ҚР «Қазыналы қарттар күні» алғыс хатымен марапатталды.

·        Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқу-ісі мен мәдени тәрбиелік жұмыстарына белсене араласып өз ісіне біліктілік танытқаны үшін - ф.-м.ғ.к., доцент К. Назарова  –алғыс хатпен марапатталды.

·        Кафедра оқытушысы Еркишева Жазира - ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Республикалық институтынан (Алматы, Өрлеу) Найл университеті (Ұлыбритания, Норвич) 02.06.2014-15.06.2014ж. аралығында тәжірибе алмасты.

ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫ ТУРАЛЫ

АЖИХАНОВ НҰРЛАН ТОБАХАНҰЛЫ,

Жаратылыстану факультетінің деканы, техника ғылымдарының докторы, профессор м.а.

 

1973 жылдың 13-сәуірінде дүниеге келген. 1995 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік университетін (ТҚМУ) «Математика және информатика» мамандығы бойынша бітірген.

2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде (ҚазҰУ) 05.13.18-Математикалық моделдеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені мамандығы бойынша физика-математика ғылымына кандидаттық диссертация қорғады.

2005 жылы 05.13.00-Информатика, есептеу техникасы және басқару мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

2010 жылы ҚазҰУ-де 05.13.18-Математикалық моделдеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені мамандығы бойынша техника ғылымына докторлық диссертация қорғады.

2012 жылы Еуропалық жаратылыстану академиясының (Германия) академигіне және Horizon Research Publishing (АҚШ) редколлегиясы мүшелігіне сайланды.

2013 жылы Еуропалық ғылыми өндірістік консорциумның (Германия) физика-математика саласындағы Вильгельм Лейбниц (Wilhelm Leibniz) алтын медаль иегері атанды.

1995 жылдың қыркүйегінен 1996 жылдың қыркүйегіне дейін ТҚМУ «Математикалық моделдеу және менеджмент» кафедрасының оқытушысы; 1996 жылдың қыркүйегі мен 1999 жылдың тамызы аралығында – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) «Сандық әдістер және информатика» кафедрасының оқытушысы; 1999 жылдың тамызы мен 2001 жылдың қазаны аралығында – ХҚТУ «Ғылым және баспа» бөлімінің бастығы; 2001 жылдың қарашасы мен 2002 жылдың тамызы аралығында – ХҚТУ «Аспирантура және магистратура» бөлімінің меңгерушісі; 2002 жылдың қыркүйегі мен 2003 жылдың қарашасы аралығында – ХҚТУ «Ақпараттық технология» кафедрасының аға оқытушысы; 2003 жылдың қарашасы мен 2011 жылдың тамызы аралығында – ХҚТУ «Информатика және сандық әдіс» кафедрасының меңгерушісі; 2011 жылдың 7-қыркүйегінен 2013 жылдың тамызына дейін Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры, ректоры м.а. лауазымды қызметтерін атқарған. 2013 жылдың 26-тамызынан 2014 жылдың 1-қыркүйегіне дейін ХҚТУ ЖОО-нан кейінгі білім беру институты директоры, 2014 жылдың 1-қыркүйегінен ХҚТУ Жаратылыстану факультетінің деканы.

Сертификаттар:

-         Менеджмент және технология халықаралық академиясының «Германия университеттерінде оқытудың иновациялық әдістері мен технологиялары», Германия, Дюсселдорф, 2013

-         Білім және ғылыми ақпараттық Халықаралық орталығының «Білім менеджменті», Германия, 2011

-         Тау геомеханикасы және маркшрейдерлік ісінің ғылыми-зерттеу институты «Геоақпараттық жүйе мен гидродинамикалық есептерді компьютерлік модельдеу», Ресей, Санкт-Петербор, 2008

-         Thomson Reuters «Ғылыми зерттеудегі мүмкіндіктер», Польша, Варшава, 2012

-         Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Компьютерлік және есептеуіш технологиялар», 2007

-         Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы «Ғылыми зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыру», Алматы, 2012

-         Әлемнің Халықаралық Каталониялық институты, КМТИУ, «Басқару және шиеленісті анықтау», Ақтау, 2012

-         «Зерде» Холдинг АҚ  «Электронды үкімет және электронды қызмет», 2011

-          Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ «Жаратылыстану-ғылыми бағытындағы мамандықтарға арналған кәсіби бағдарланған ағылшын тілі», 2011

-         Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ «Берілген қасиеттерімен наноқұрылымдық материалдарды алу және импульстік технологиялар. Наноқұрылымдардың теориясы мен үлгілеу», 2011

ЖарияланымдарLAP Lambert Academic Publishing баспасынан 2 монография жарық көрді (Германия 2012ж.,  2013ж.),

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған және жасалып жатқан жұмыстар

·        мемлекеттік іргелі ғылыми-зерттеу бағдарламасы бойынша «Кен өндіру саласы мен жерасты өткелдерін есептеу әдістерін жарату, тау жынысы мен деформацияланатын қатты денелер механикасы, геомеханика мәселелері» (бағыты 1.8, 2009-2011жж)

·        қолданбалы зерттеу бойынша «Қазақстан Республикасының мұнай кенорындарын басқарудың заманауи ақпараттық жүйесін құру» (2005ж.)

·        «Серпімді пластикалық және анизотропты қатпарлы қабаттарда терең жүргізілген ұңғылардың статикалық және динамикалық күйін зерттеу әдістері» (Елдің зияткерлік әлеуеті. 5.1 Жаратылыстану ғылымдары бойынша іргелі зерттеулер, 2012-2014)

·        055 «Іргелі ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық» бағыт бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде «Кернеулік біртексіз қабатта ұңғыға сұйықтықтың сүзгіленуінің математикалық моделін құру» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының жетекшісі (2012-2014жж)