Инженерия

ФАКУЛЬТЕТ ТАРИХЫ

Жаратылыстану және инженерлік факультеті Университет Сенатының ұсынысы негізінде, 2002 жылы сәуір айының 26 жұлдызындағы Өкілетті Кеңестің N16 шешіміне байланысты N2/1550 19.08.2002ж. бұйрығымен жеке факультет болып бөлініп шығып, 2004 жылы қазан айында «Жаратылыстану» және «Ақпараттық технологиялар және инженерлік» факультеттері болып екіге бөліңді. Университет Сенатының шешімімен 2014-2015 оқу жылынан бастап факультет Инженерия деп өзгертілді. 

2002-2003 оқу жылында факультет деканының қызметін ф.-м.ғ.к., доцент А.М.Марасулов атқарды.

2003-2004 оқу жылынан бастап, факультет деканы қызметіне техн.ғ.к., доцент Б.Хусаин тағайындалды.

2004-2005 оқу жылының желтоқсан айынан бастап факультет деканы қызметіне ф.-м.ғ.к., доцент А.М. Марасулов тағайындалды.

2005-2006 оқу жылынан бастап, факультет деканы қызметіне ф.-м.ғ.к., доцент С.М.Кеңесбаев тағайындалды.

2006-2007 оқу жылынан бастап, факультет деканы қызметіне техн.ғ.к., доцент Әбдімұхан Сейілханұлы Төлеп мырза тағайындалды. Қазіргі уақытқа дейін Ә.С.Төлеп мырза өз қызметін жалғастырып келеді.

ФАКУЛЬТЕТ ТУРАЛЫ

Факультетте күндізгі оқу түрі бойынша – 346 студент, сырттай және қашықтықтан оқыту түрі бойынша – 55 студент, 28 магистрант білім алуда. Оның ішінде ҚР гранты -77, ҚР грант (ТТЕ)-41, квота-28, келісім-шарт негізі бойынша 183 студент оқиды.

Студенттерге білікті оқытушы-профессорлар дәріс жүргізеді. Оның ішінде 4 ғылым докторы, 13ғылым кандидаты,  11аға оқытушы, 22оқытушы бар.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

2008-2009 оқу жылында Республикалық олимпиадада 5В011100-Информатика мамандығының студенттері командалық  есепте  I орынды иеленді және Абай атындағы сыйлықтың жүлдесі үшін педагогикалық мамандықтар бойынша алдыңғы қатарлы студенттер арасында жыл сайын өтетін Республикалық конкурста командалық есепте I орынды иеленіп, қосымша түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды, 2010-2011 оқу жылында Республикалық олимпиадада ІІІ орын алғандары үшін марапатталды.

Республикалық олимпиадада 5В012000– Кәсіптік оқыту  мамандығының студенттері  2008-2009 оқу жылында командалық есепте III орынды иеленсе, 2009-2010 оқу жылында командалық есепте ІІ орынды, 2010-2011 оқу жылында ІІІ орынды, 2011-2012 оқу жылында ІІІ орынды иеленіп, қосымша түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды.

2010 жылы ҚР БжҒМ ұйымдастырған студенттердің үздік ғылыми жобасы конкурсында 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының студенті ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, 2011 жылы ҚР БжҒМ ұйымдастырған студенттердің үздік ғылыми жобасы конкурсында факультетіміздің 6 студенті  жүлделі орындарға ие болды. Олар, 5В011100 – Информатика мамандығының студенті ІІ дәрежелі дипломмен, тағы бір студенті ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығының бір студенті ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының бір студенті ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, 5В012000 – Кәсіптік оқыту мамандығының екі студенті ІІІ дәрежелі дипломның иегері атанды.

2012 жылы ҚР БжҒМ ұйымдастырған студенттердің үздік ғылыми жобасы конкурсында факультетіміздің студенттері 5 жүлделі орындарға ие болды. Олар, 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығынан екі диплом І дәрежелі және бір диплом ІІ дәрежелі, 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бір диплом ІІ дәрежелі. 5B070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығының 1 курс студенті Еркін Қайсардың Су жылыту қондырғысын жасағаны үшін 2012-2013 оқу жылында ҚР БжҒМ мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

2012-2013 оқу жылында факультетке қарасты мамандықтардың барлығы (100%) Республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленді: 5В011100 –Информатика І орын, 5B01200 – Кәсіптік оқыту ІІ орын, 5В070300 – Ақпараттық жүйелер ІІІ орын, 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету ІІІ орын, 5B070200 – Автоматтандыру және басқару ІІІ орын.

2013 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Математика, механика және информатика» пәндерінен ұйымдастырылған V Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясында студенттеріміз баяндама жасап,  нәтижесінде 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 5В011100 – «Информатика» мамандықтарының студенттері жүлделі ІІІ орынды иеленді. 

2013-2014 оқу жылында Республикалық пәндік олимпиадаларда факультеттің 5В011100 – Информатика мамандығының студенттері І орынды, 5B01200 – Кәсіптік оқыту мамандығының студенттері ІІ орынды, 5В070300 –Ақпараттық жүйелер, 5В070400 –Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 5B070200 – Автоматтандыру және басқарумамандықтарының студенттері ІІІ орынды иеленді.

Мамандықтар:

5В011100 – Информатика

5В060200 – Информатика

5В070300 – Ақпараттық жүйелер

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

5В070200– Автоматтандыру және басқару

5В071800– Электр энергетикасы

Студенттік үйірмелер мен клубтар:

1. Жас энергетик

2. Бағдарламалау технологиясы

3. Компьютерлік графика

Халықаралық байланыс:

1.  Халықаралық ынтымақтастық бойынша Ресей Ғылым академиясының Басқару проблемалары институты,  Мәскеу энергетикалық институты.

2. Өзбекстан Республикасының А.М. Беруни атындағы Ташкент Мемлекеттік техникалық университеті.

3.  Түркия Республикасының Хаджеттепе, Нежметтин Эрбакан, Гази университеттерімен жедел ақпарат алмасу болып тұрады.

4.  Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетімен өзара

ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. 

Жұмысқа орналасу:

1.Білім ордаларында және әкімшілік салаларында;

2.Таукент уран өңдеу зауыты;

3.Шиелі және Отырар аудандарында уран қазып алу рудниктері;

4.Шымкент мұнай өңдеу және цемент зауыттары;

5.Кентау трансформатор зауыттарында;

6.Банк жүйелерінде, Бизнес орталықтарында;

7.Түркияның Қазақстандағы бизнес корпорацияларында және басқа да өндіріс орындарында үздік кадрлар деңгейінде табысты жұмыс жасауда.

Инженерия факультетінің ерекшелігі:

1.     Алыс және жақын түрік тілдес елдерден келіп студенттердің білім алуына мүмкіндіктің болуы.

2.     Түркия Республикасы және басқа да шетелдік ЖОО-ның профессорларының факультет студенттеріне дәріс беруі.

3.     Кредиттік технология  бойынша білім берілуі.

4.     Тәжірибелік дағдыларды нығайту мақсатында теориялық алған білімдерін арнайы практика базаларында жүзеге асыруы.

5.     Қашықтықтан білім беру жүйесі бойынша студенттердің білім алуы.

6.     Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттердің шетелдік ЖОО-да бір академиялық кезең бойынша білім алып қайтуы.

7.     Үздік оқыған студенттер Түркия мемлекеті тарапынан бөлінген квота мен грант орындарына ашық конкурс нәтижесінде ие болуға мүмкіндігі бар.

8.     Студенттерге қол жетімді ақпараттардың университет және факультет сайттарында болуы. 

9.     Кітапхана, спорт кешендері, студенттік асхана және жатақханамен қамтамасыз етілуі.

Факультет деканы  туралы:

Факультет деканы

ТӨЛЕП ӘБДІМҰХАН СЕЙІЛХАНҰЛЫ

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Төлеп Әбдімұхан Сейілханұлы 1971 жылы 1 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы,Отырар ауданы,Көксарай ауылында туылған. 1994 жылы Красноярск мемлекеттік университетін математика мамандығы бойынша аяқтаған соң,Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне (ХҚТУ) Қолданбалы математика кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданып, қазіргі таңда аталған университетте қызмет етіп келеді.

1996-1998 жылдар аралығында Экономика факультеті деканының орынбасары қызметін атқарған. 1998-2001 жылдары аспирантураның күндізгі бөлімін аяқтаған соң, Информатика және сандық әдістер кафедрасында аға оқытушы қызметін атқара жүріп, 2004 жылы 01.02.06 – «Машиналардың, приборлардың және аппаратуралардың динамикасы, беріктігі» мамандығы бойынша  «Упругое квазистатическое состояние и колебания пространственных механизмов высоких классов с криволинейными и прямолинейными звеньями» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2004 жылы қыркүйек айынан бастап «Жалпы информатика» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарушы, 2005 жылы қаңтар айынан бастап аталмыш кафедраның меңгеруші қызметін атқарып, 2006 жылдың тамыз айынан бастап Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультетінің деканы қызметін осы уақытқа дейін алып келді. «Ақпараттама, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша доцент, ХҚТУ-нің профессоры.

2005-2006, 2010-2011, 2011-2012 оқу жылдарына студенттерді қабылдау комиссиясының  жауапты хатшысы қызметін атқарған.

Оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстар негізінде 52 ғылыми еңбектер шығарды, оның ішінде 20 оқу және оқу-әдістемелік құралы бар.