Филология

ФАКУЛЬТЕТ ТАРИХЫ

1991 жылы ашылған. Алғашқы жылдары басқарған декан-профессорлар: Ж.Истаев, С.Мадуанов, К.Атик, А.Абуов, К.Коч, Қ.Қадашева,Р.Б.Таукебаева.

Қазіргі таңда факультет деканы – ф.ғ.к., доцент Н.Қ.Айтбаева.

МАМАНДЫҚТАР

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті

5В011900- Шетел тілі:екі шетел тілі:ағылшын-түрік тілдері

5В011900- Шетел тілі:екі шетел тілі:ағылшын-араб тілдері

5В011900- Шетел тілі:екі шетел тілі:ағылшын-қытай тілдері

5В020500-Филология:қазақ филологиясы

5В021000-Шетел филологиясы:ағылшын тілі

5В021000-Шетел филологиясы:түрік тілі

5В021000-Шетел филологиясы:қытай тілі

5В040500-Журналистика

5В020700-Аударма ісі

СТУДЕНТТІК ҮЙІРМЕЛЕР МЕН КЛУБТАР

·        «Шолпы» қыздар клубы

·        «Тіл тағылымы»

·        Нұр» шығармашылық–танымдық клубы

·        «Мезгіл» фото үйірмесі

 

Факультет деканы – ф.ғ.к., доцент- Нұрсәуле Қонарбайқызы Айтбаева.                                                                                                                                            

Айтбаева Нұрсәуле Қонарбайқызы 1965 жылы 10 қыркүйекте туылған, ұлты қазақ. 1982 жылы Алматы шет тілдері педагогикалық институтының ағылшын тілі факультетіне оқуға түсіп, 1987 жылы ағылшын және неміс тілдері мамандығы бойынша бітірген.

1987-1989 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас районы, «Бөген» орта мектебінде ағылшын және неміс тілдері пәндерінің мұғалімі, 1989-1991 жылдар аралығында Кентау қаласының №5 Абай атындағы орта мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі қызметін атқарған.

1991 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Ағылшын тілі» кафедрасына оқытушылық қызметке қабылданған.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Кентау институты оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы (2004-2006 жж.), Тіл пәндері кафедрасының меңгерушісі (2006-2007 жж.), Бейіндік пәндер кафедрасының меңгерушісі (2007-2008 жж.), Дайындық факультетінің деканы (2008 ж.), Біліктілік жетілдіру факультетінің деканы (2008-2010 жж.), Дайындық факультетінің деканы, Дайындық, тіл үйрету орталығының директоры (2010-2013 жж.), Дайындық, тіл үйрету орталығы директорының орынбасары (2014 ж.) қызметтерін атқарды. 2014-2015 оқу жылынан бері Филология факультетінің деканы.

2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Д14А.01.23 диссертациялық кеңесінде тілдің семантикалық және дүниетанымдық сипаты бойынша кандидаттық диссертациялық жұмысын сәтті қорғап,ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2007 жылғы 21 желтоқсанындағы шешімімен филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілген.  

Жоғары оқу орнындағы ғылыми-педагогикалық өтілі – 23 жыл, жалпы  педагогикалық өтілі - 27 жыл.

Нұрсәуле Қонарбайқызы білім және тәрбие беру үдерістеріне, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, бірнеше рет университет, қала әкімшілігі тарапынан мақтау қағаздармен марапатталған және елеулі еңбектері үшін Кентау институты Ғылыми кеңесінің шешімімен (Хаттама №3/117. 29.11.2007 ж.) Кентау қаласының Құрмет тақтасына ұсынылған.

Айтбаева Нұрсәуле Қонарбайқызы әртүрлі басылымдардан шыққан (халықаралық, мемлекеттік) 40-тан аса ғылыми-теориялық еңбектердің авторы. Олардың 9-ы монография мен оқу құралдары.