- Олимпиадалық ойындарда, Әлем, Азия және Республика біріншіліктерінде жүлдегер атанған ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі болған студентке 100%-ға дейін;
- Әлеуметтік жағдайы төмен, яғни, ата-анасының біреуі I немесе II топтағы мүгедек немесе қайтыс болған болса, ал, екіншісінің айлық жалақысы ең төменгі жалақы мөлшерінен аспаса (немесе жұмыссыз болса), ол студентке 25%-ға дейін;
- Ата-анасының біреуі, университеттегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, ХҚТУ қызметкері немесе жұмысшысы болған студентке 25 %-ға дейін;
- Университ пен театрдың арасындағы келісім-шарттың негізінде Түркістан сазды драма театрының 1350 билеті студенттерге тегін беріледі;
- Тұл жетім, жартылай жетім, ақылы квотада оқитын студенттер бірінші кезекте жатақханамен толық қамтамасыз етіледі;
- Тұл жетім, жартылай жетім, ақылы квотада оқитын студенттер күн сайын 1 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі;
- Өнерлі, білімді, белсенді жастар жыл сайын «Машат», «Бәйшешек» демалыс орындарына барып келеді;