КІТАПХАНА

ХҚТУ КІТАПХАНАСЫ:  lib.iktu.kz

-         6модульден тұратын Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының кітапханаларында пайдаланатын ИРБИС-64 бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды.

-         Түркия Республикасы Өкілетті Кенесі тарапынан және оқытушы-профессорлар сыйға тартылған кітаптармен толығуда. Дәстүрлі кітаптармен қатар электронды ресурстармен кітап қоры сапалы толықтырылуда және жылдан жылға ұлғаюда.

-         Кітапхананың кітап қоры англо-американдық ондық жүйе , DOS классификациясы бойынша койылып, кітап қоры ашық түрде орналасқан.

-         Кітапханада ескі басылымды кітаптар қоры бар. Олар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырды қамтыған кітаптар. Қордың құнды басылымдарының бірі ретінде В. П. Бартольд, В. В. Радловтың т.б. ескі басылымдағы шығармалары және Қытай Республикасының Ұлттық кітапханасынан шағатай тілінде жазылған әдебиеттер мен көне жазбалар көшірмелері бар.

-         Кітапхана қызметі білім саласында болып жатқан оңды өзгерістерді, XXI ғасыр талаптарына толық жауап беретін, Халықаралық деңгейде танылатын озық тәжірибелерді жұмыс барысында пайдалануға негізделген.

-         Кітапхана жанынан құрылған «Руханият» клубы мәдени іс – шаралардың өткізілуіне белсенді түрде атсалысады.

-         ҚР Ұлттық кітапханасымен, Ұлттық академиялық кітапханасымен, ҚР Жоғары оқу орындарының Қауымдастығымен ,ҚР Ақпараттық Кітапхана Консорциумы, Оңтүстік Қазақстан «Ғылыми-техникалық ақпараттық орталығымен» , жоғары оқу орындарының кітапханаларымен және Түркия Республикасындағы Гази, Хажеттебе, Сакария, Стамбул , Балкесир т.б. университеттермен екі жақты келісім –шарт жасасқан.

-         Ұлттық ғылыми – техникалық ақпарат орталығынан келісім-шарт негізінде Thomson Reuters компаниясынан Web of Knowledge ; Springer, Science,Scopus Elsevier) толықмәтінді дерекқорларын пайдалануда.

-         Жуырда жаңа кітапхана іске қосылмақ. Төрт қабатты жаңа кітапхана материалдық-техникалық жабдықталуы жоғары деңгейде болып, заманауи талаптарға сай республика деңгейіндегі ЖОО кітапханаларына үлгі болатындай жаңа форматтағы кітапхана болады.