ХҚТУ - әлеуметтік желілерде

 

Фейсбук, Твиттер, Ютуб әлеуметтік желілерінде парақшалар ашылып, күн сайын ақпараттар салынуда. Бұл парақшалардың университеттің имиджіне оң ықпалынтигізіп жатқандығы сөзсіз. Ал, қыркүйек айынан бастап Республикалық беделді сайттардың бірі БАҚ кз ақпараттық порталында университеттің жеке парақшасы ашылды. Университет студенттерінің, түлектерінің жетістіктері мен жаңалықтары, атқарылып жатқан іс-шаралар Республикалық деңгейде насихатталып келеді. Әлеуметтік желілерде «Біздің түлек – біздің мақтанышымыз», «Біздің студент – біздің мақтанышымыз» жобалары жүргізіліп келеді. «Біздің ұстаз – біздің мақтанышымыз» жобасы да жүзеге асырылмақ.Үздік бітіріп, жоғары қызметті атқарып жүрген 60-қа жуық түлектің университет туралы пікірлері жарияланды. Бүгінгі таңда тек Қазақстандық қана емес, шетелдік түлектермен де байланыс күн сайын артып келеді.

Әлеуметтік желілердегі парақшаларды жүргізуші – Ұлдарай Батырқызы.  (). Кәсіби бағдар бөлімінде маман қызметінде.