Дайындық

ОРТАЛЫҚ  ТАРИХЫ

Дайындық, тіл үйрету орталығы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 06.10.1997 жылғы №1/447 бұйрығымен ашылды.

1997-1999 ж.ж. – п.ғ.к., профессор С.Бабаев;

1999-2001 ж.ж. – Джемал Шафак;

2001-2005 ж.ж. – п.ғ.д., профессор Қ.Қадашева;

2006-2007 ж.ж. – т.ғ.к., доцент Н.Имашова;

2007-2008 ж.ж – п.ғ.к., профессор Б.Сыдықов, ф.ғ.к., доцент Н.Қ.Айтбаева;

2008-2010 ж.ж. – ф.ғ.к., доцент А.Байниязов;

2010-2013 ж.ж. – ф.ғ.к., доцент Н.Қ.Айтбаева;

2013 жылдың желтоқсан айынан бастап орталық директоры – PhD докторы, доцент м.а. Тургай Динчай.

ОРТАЛЫҚ  ТУРАЛЫ

Орталықта 20 түркі тілдес мемлекет мен туыстас қауымдастықтан келген 230 тыңдаушы мен Түркия гранты негізінде білім алатын «Тіл білімін жетілдіру курсының» 368 студенті білім алуда.

Студенттер мен тыңдаушыларға білікті оқытушы-профессорлар дәріс береді. Оның ішінде 3 ғылым кандидаты, 2 аға оқытушы, 43 оқытушы (оның ішінде 16 түркиялық оқытушы) бар.

ЖЕТІСТІКТЕРІ

2011-2012 оқу жылы Іскерлік және карьера институты мен Юнус Емре түрік мәдениеті орталығы ұйымдастырған Республикалық түрік тілі олимпиадасында студенттеріміз 3 номинация бойынша 2 бірінші орын және 1 үшінші орын жеңіп алды. Атап айтқанда, ғылыми жоба 1-ші орын, түрік тілінде ән айту 1-ші орын, мәнерлеп өлең оқудан 3-ші орын.

Оқытушы Н.Ирисбекова Түркияның Мевлана бағдарламасы бойынша 2013-2014 оқу жылы қазан айында Түркияның Сивас қаласында іс-тәжірибеден өтті.  

2014 жылы тамыз айында Қазақ, орыс, ағылшын тілдері кафедрасының оқытушылары Қ.Аширханова, Г.Исатай, Ә.Алтынбекова, Ж.Базарова және Түрік тілі кафедрасының оқытушылары Е.Ахметов, Р.Уразбекова Түркия Республикасында 4 апталық біліктілікті арттыру курсынан өтіп, сертификатын алды.

СТУДЕНТТІК ҮЙІРМЕЛЕР МЕН КЛУБТАР

«Қазақша үйренейік»

«Türkçe öğreniyoruz»

«English club»            

ДАЙЫНДЫҚ, ТІЛ ҮЙРЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ:

Тіл білімін жетілдіру курсы

«Тіл білімін жетілдіру курсына» қабылданатын контингент Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеу нәтижелері негізінде қабылданады.

Университеттің «Тіл білімін жетілдіру курсына» оқуға қабылдау конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Конкурсқа Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуден шекті ұпай жинаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

«Тіл білімін жетілдіру курсында» білім алушылар екі міндетті пән: ағылшын және түрік тілдерін халықаралық қабылданған деңгейлер шеңберінде (А1 деңгейінен В1 деңгейіне дейін) оқиды. Сонымен қатар бекітілген оқу жоспарына сәйкес таңдау пәндері ұсынылады.

Бағдарламаны меңгеріп, қорытынды емтиханды сәтті тапсырған білім алушылар 1-інші курсқа Түркия Республикасының гранты негізінде қабылданып, күндізгі бөлімде, арнайы топтарда білімін жалғастырады.

Түркия Республикасының грантына қабылданған студенттер тегін оқытылады.

Түркі дүниесі

20 түркі тілдес мемлекеттер мен туыстас қауымдастықтан келген тыңдаушыларға     1 жыл бойы тегін 3тіл оқытылады. Түркия Республикасынан келген тыңдаушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін, тілдес мемлекеттер мен туыстас қауымдастықтан келген тыңдаушылар қазақ, түрік, ағылшын тілдерін меңгереді.

Тыңдаушылар жыл соңында емтихан нәтижесіне қарай таңдаған мамандықтары бойынша факультеттерге орналастырылады.

Барлық дәрістер Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өткізіледі.

Дайындық, тіл үйрету орталығының студенттері мен тыңдаушылары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері қатарына қабылданады және олар университеттің барлық академиялық әлеуметтік және мәдени ресурстарына қол жеткізе алады.

Дайындық, тіл үйрету орталығының директоры, PhD докторы, доцент м.а.

ДинчайТургай

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Динчай Тургай  2013-2014 оқу жылының желтоқсан айынан бері Дайындық, тіл үйрету орталығының директоры қызметін атқаруда.  Д.Тургай Түркиядағы Хаджетепе университетінің «Ағылшын тілі» мамандығын 1980 жылы бітірген. Магистрлікжұмысын«Suggestopedia and Designing a Sample Lesson Plan for Teaching Dialogues» аттытақырыпта1991 жылықорғады. Докторлықдиссертациясын«Identifiying The Military Language Requirements of the Turkish Army Personnel and Suggesting Needs-Oriented Communicative ESP Syllabus For The Foreign-Post Assignees»аттытақырыпта1996 жылықорғады.

Д.Тургайеңбекжолын1980-1981 оқужылыАнкараАтатүрклицейіндедиректорорынбасарлығынанбастады.   2004-2006 оқужылдарыаралығындаТүркияДжокейклубыАпрантиоқытуорталығыныңдиректоры, 2006-2008 оқужылдарыИстекВакфыӨзелУлугбеймектебініңШетелтілдерікафедрасыныңмеңгерушісі, 2008-2009 оқужылыСтамбулАрелУниверситетіндеБасқаруКеңесмүшесіжәнеКәсібиЖоғарымектебіІІ-ніңоқукоординаторықызметінатқарды. 2009-2011 оқужылыСтамбулБейкентУниверситеті«Шетелтілдері» бөлімідиректорорынбасары, 2011-2013 оқужылыСтамбулАрелУниверситеті«ШетелтілдеріМәдениеті» кафедрасыныңмеңгерушісі, БасқаруКеңесініңмүшесі.

Т.Динчай  үнеміөзініңбіліктілігінжетілдіріпотырады. ОныңТүркияменАмериканыңуниверситеттеріненалған9 біліктіліккөтерусертификатыбар.

Т.Динчайдың Республикалық және Халықаралық конференцияларда баяндама материалдары жарияланған. Оның Халықаралық индексті ғылыми журналдарда (Германия, Австралия) 2 мақаласы, Республикалық комитет бекіткен журналдарда 6 мақаласы жарық көрген.

Т.Динчай қызмет атқару барысында көптеген «Алғыс хаттармен» марапатталған. Солардан бірнешеуін атап өтетін болсақ, Түркия Республикасының 75 жылдығына орай «Алғыс хат», Жаяу әскердің 100 жылдығына орай төсбелгі және «құрмет грамотасы»  т.б. Сонымен бірге Түрік «Қызыл айына» көрсеткен еңбегі үшін қола, күміс және алтын медальмен марапатталған.

Дайындық, тіл үйрету орталығының директоры Тургай Динчай ағылшын тілімен қатар француз тілін де жетік меңгерген.