ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР

ФАКУЛЬТЕТ ТУРАЛЫ

Факультетте Түркия мемлекеті және жақын шет елдерден  келген 10-нан астам шет елдік мамандар жұмыс істейді.

ТМД елдерінің жоғарғы оқу орындарында бұрын-соңды болмаған үрдіс, бізде дарынды жастарды тарту мақсатында Түркия квотасы есебінен факультетте студенттер тегін білім алып жатыр.

Факультетімізде бірнеше кафедралар атап айтсақ, «Экономика», «Менеджмент және туризм», «Қаржы және бухгалтерлік есеп», «Халықаралық қатынастар», «Құқық» және «Қоғамдық ғылымдар» кафедралары жұмыс жасайды.

Факультетіміздің оқытушы-профессорлары жаңа заман талабына сай мамандар даярлап, халықаралық деңгейдегі білім беру үшін педагогикалық иновациялық технологияларды қолданып, аянбай еңбек етуде. Экономика факультетінде 113 профессор- оқытушылар құрамы қызмет атқарды. Оның ішінде 3 ғылым докторлары, профессор, 13 Рh.D. доктор, 38 ғылым кандидаты,  аға оқытушы, 12 аға оқытушы,  47 магистр оқытушылар және оқытушылар қызмет көрсетеді. Сонымен қатар 6 лаборант, 1 әдіскер, 1 хатшы, 2 кабинет меңгерушісі жұмыс жасайды.

Факультеттің студенттер әртүрлі елдерден келіп оқып жатыр, атап айтқанда Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Кипр, Татарстан т.б. Факультетте  640 студент оқиды. Оның ішінде 8 студент Мемлекеттік грантта, 360 студент шет мемлекеттерден келген грант, 65 студент Өкілетті Кеңес квотасында, 207 студент ақылы негізде оқиды.

Студенттердің сапалы білім алуына жағдайлар жасалынған. Интернет жүйесіне қосылған компьютерлермен жасақталған аудиториялары, өз алдына жатақханасы, дәмді тағамдар ұсынатын асханасы, жылы әрі    пайдалануға қолайлы кітапханасы, түрлі шаралар мен сайыстар жүргізетін спорт және мәжіліс залдары орын тепкен.

Сондай-ақ факультетте «1-С Бухгалтерия » программасымен жұмыс жасайтын кабинет, криминология кабинеті жабдықталған.   

Факультет студенттері сабақтан тыс уақыттарда спортпен шұғылданып, көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысады.

Экономика факультеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің төмендегі бағыттары бойынша мамандар даярлайды:

МАМАНДЫҚТАР:

Бакалавриат

5В050600 – Экономика

5В050700 – Менеджмент

5В050800 – Есеп және аудит

5В050900 – Қаржы

5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

5В090200 – Туризм

5В020200 – Халықаралық қатынастар

5В030100 – Құқықтану

5В050100 – Әлеуметтану

Магистратура

6М050600 – Экономика

6М050700 – Менеджмент

6М050800 – Есеп және аудит

6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

6М030100 – Құқықтану

6М050100 – Әлеуметтану

6М050200 – Саясаттану

6М020100 – Философия

Докторантура

6D050600 – Экономика

6D050700 – Менеджмент

6D030100 – Құқықтану

 

ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫ ТУРАЛЫ

«Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы

 э.ғ.д., профессор С.С.Ыдырыс

Экономика факультеті 1991 жылы Университет ашылған алғашқы күннен бастап негізі қаланған үлкен факультеттердің бірі.  Экономика факультетін жасауда тікелей басы-қасында болып, ыстық-суығына қатар төзген ұйымдастырушы басшы бола білген, яғни факультетіміздің тұңғыш деканы э.ғ.к., Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университет профессоры А. Ризаходжаев басқарды. Сонымен қатар 1993-2001 жылдар аралығында факультетімізде басшылық еткен э.ғ.д., профессор А.Ищанов, 2001-2003, 2006 -2007 оқу жылдарында э.ғ.д., профессор Б.С. Мырзалиев, 2003-2004 жылдарда профессор М.Расулов, 2006-2007 жылдары з.ғ.к., доцент  Н. Батырбаев, 2004 – 2006 жылдары және 2009 - жылдан э.ғ.к., профессор С.С.Ыдырыс басқарып келеді. 2014 жылдан бастап Экономика факультетінің құрамына құқықтану, халықаралық қатынастар, философия, әлеуметтану және саясаттану мамандықтары қосылды.Қазіргі таңда «Экономика «факультетімен «Заң» факультеті біріктіріліп «Әлеуметтік ғылымдар» факультеті болып аталады.

Факультет деканы э.ғ.д.,профессор С.С.Ыдырыс деканат құрамымен

жиналыс өткізу сәті.

Декан орынбасары С.М.Мұханов,аға эдвайзер А.Есенжолова кафедра аға

эдвайзерлерімен бірге.

ФАКУЛЬТЕТ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Бүгінгі таңда факультеттегі  студенттер арасындағы академиялық ұтқырлық бойынша Түркия Республикасының Мула, Хажеттепе университетінде 3 студентіміз 1 семестр бойынша білім алып келсе, Эрджиес университетінде 1 студентіміз білім алды. Сонымен қатар Туркия Республикасының Гази университетінің студенті Али Осман Карджи Туризм мамандығы бойынша 1 семестрге келіп білім алса, Эржиес университетінің студенті Турунч Гамзе Туризм мамандығы бойынша 2 семестрге келіп білім алып кетті.

2013-2014 оқу жылының күзгі семестрінде 5В020200-Халықаралық қатынастар мамандығының 4-курс студенті Аннагурбанов Мухаммед, 6М020100-Философия мамандығының 2 магистранты Юсупова Сауле, көктемгі семестрінде 5В020200-Халықаралық қатынастар мамандығының студенттері Агаева Айгул, Наврузханов Ениш,  Узун оглы Марина, Осама Альханади, Азалов Эльдар академиялық ұтқырлық аясында Мевлана бағдарламасы шеңберінде Түркия Республикасының жоғары оқу орындарында 1 семестр оқып келді. Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары Тәжібаев Рашид, Талдыбаева Динара Мевлана бағдарламасы аясында Түркия Республикасының жоғары оқу орындарына барып 2 апта дәріс жүргізді және «Әлеуметтану және Саясаттану» кафедрасының оқытушысы Байбахов Нұрбол  Ұлыбританияда біліктіліук жетілдіру курсынан өтті. Сонымен қатар,  Түркия Республикасынан бірнеше оқытушы келіп дәріс жүргізді.  2013-2014 оқу жылының жазғы демалыс уақытында Түркия мемлекетіне 7  студент іс-тәжірибеден өтуге жіберілді.

Студенттеріміз ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінде, ҚР Жас кәсіпкерлер Одағында, Қырғыз Республикасының Қаржы Министрлігінде, ҚР-дағы 2-деңгейлі банктерде, Қазақстанның ірі туристік кешендерде, Әкімшіліктерде, Түркияның Ұлттық Банкісінде, Түркия Республикасының беделді қонақ үйлерінде іс-тәжірибеден өтті және шет елдерден келген студенттер өз елдеріндегі әкімшілік басқару органдарында және фирмаларда іс-тәжірибеден өтті. Айта кететін болсақ:

-         Туризм мамандығының студенттері әр жылы жоспарлы түрде Түркияның ең жоғары сапалы туристік кешендерінде 3 ай тәжірибеден өтуге мүмкіндік алып отыр;

-         жоспардан тыс («Туризм» мамандығының студенттерінен басқа) конкурстық негізде  Түркия Республикасының Ұлттық Банкі мен жоғары деңгейдегі қонақ үйлерге іс-тәжірибеден өтуге мамандықтар бойынша студенттер жіберілді: менеджмент – 5, қаржы – 7, есеп және аудит – 6, экономика – 14.

Сонымен қатар Халықаралық қатынастар, Экономика мен Менеджмент және туризм кафедраларына академиялық ұтқырлық бойынша 2014-2015 оқу жылының 03.11.14 – 16.11.14 аралығында Ректораттың 11.09.2014 жылғы 2/2171 санды қызмет хатына сәйкес Өкілетті Кеңес тарапынан шақыртылған Түркия Республикасының Хаджеттепе университетінің профессоры Мухиттин Ажардың мына төмендегі дәрістерді 36 сағат көлемінде оқытуға және студенттерге, магистранттар мен докторанттарға әдістемелік-ғылыми жобалар бойынша пікір алмасуға келді.

  Студенттер мен олардың жетекшілерінің жетістіктері:

- Студенттеріміз Қытайдың Мұнай саласындағы инженерлік-құрылыс тобыны және «Бота» қорының өткізуімен өткен конкурстарды жеңіп алып,  оқу грантына ие болды;

- студенттеріміз 2 жыл қатарынан Президенттік стипендия иегері атанып келеді;

-          ҚР БжҒМ-нің «Үздік студенттік ғылыми жұмысы»үшін ІІ және ІІІ дәрежелі диплом иегерлері;

-          Студенттеріміз түрлі байқаулар мен Республика деңгейіндегі олипиадалармен конференциялардың ІІ және ІІІ  орындарының иегерлері.

-          Факультетіміздің аға тәлімгері магистр-оқытушы Ақмарал Есенжолованың жетекшілік жасауымен  өзге ұлт өкілдерінің арасында өткен облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен  «Мемлекеттік тіл шебері»атты интелектуальдық олимпиадаға «Бірлік тобы» университетіміздің атынан қатысып бас жүлдені жеңіп алды.

Интеллектуалдық олимпиада жоғарғы оқу орны аралығында 2014 жыл қазан айында «Мемлекеттік тіл шеберлігі» атты сайыста «Бірлік тобы» бас жүлдеге иеленді. Әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері мен «Құқықтану» кафедрасының магистр оқытушысы А.Н.Есенжолова Облыстық  тіл басқармасының басшысы Б.Көмекбаеваның қолынан алғыс хат пен сыйлықтар алуда.

Спорттағы жетістіктері:

 

-  Спорт клуб төрағасының ұйымдастыруымен ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты студенттер арасындағы факультетаралық спартакиадада студенттеріміз ерлер арасындағы кіші футболдан 1-орынды, қыздар арасындағы баскетболдан 1-ші орынды жеңіп алды;

-  Баскетболданреспубликалық жарыста командалық есепте 3-ші орынды иеленді;

- ҚР ұлттық құрама командасының іріктеу чемпионатында Шымкент қаласында таэквондодан өткен турнирде 1-орын иегерлері.