Өнер

ФАКУЛЬТЕТ ТАРИХЫ

2001-2003  оқу  жылындарында  факультет деканы  қызметін п.ғ.д.,   профессор Оңалбек  Жарылқасын  Керімбекұлы    атқарды. 2003-2008  оқу  жылдары  аралығында факультет  деканы қызметін  п.ғ.д., профессор Мұхамеджанов Бақытжан Қалжанұлы атқарды.2008-2010 аралығында факультет деканы қызметін филос.ғ.к., ХҚТУ профессоры Баетов Көпжасар Дүрменұлы  атқарса, 2010-2012 оқу  жылы  аралығында факультет  деканы қызметін  филол.ғ.к., доцент м.а. Бейсембаева Салтанат Байғазықызы атқарды.2012-2013 жаңа оқу жылынан бастап факультет деканы қызметін пед.ғ.к., доцент Абусейтов Бегахмет Зайнидинұлы атқаруда. Факультет құрамында  4 кафедра, 11 мамандық  бойынша  мамандар    дайындап,   қазіргі  таңдағы  заманауи талаптарға  сай, дәрістер жүргізілуде.Кафедралар соңғы үлгідегі оқу көрнекі  құралдарымен және спорттық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Оларға мамандыққа  сәйкес көптеген  аудиториялар, спорт залдар, интерактивті сыныптар, қалашықтар, сахналар, стадиондар, алаңдар, лобараториялық кабиниеттер, кітапхана т.б. қызмет атқаруда. Қазіргі уақытта факульттің күндізгі бөлімінде 492, сыртқы бөлімінде 169 студенттер  мен магистранттар білім алады. Мамандар дайындауда 5 ғылым  докторы, профессор 15 ғылым кандидаты, доцент, 4 ғылым кандидаты, аға оқытушы, 2 ҚР халық әртісі, ЖАК профессоры, 2 ХҚТУ профессоры, 5 ЖАК доценті,  4 ҚР халық әртісі, 5 ҚР Мәдениет қайраткері, 6 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, 13 аға оқытушы, 16 магистр-оқытушы, 14 оқытушы  қызмет атқарады.

КАФЕДРА АТАУЛАРЫ:

1.     «Орындаушылық өнер» кафедрасы

2.     «Бейнелеу өнері» кафедрасы

3.     «Дене мәдениеті» кафедрасы

  1. «Дене тәрбие» кафедрасы

МАМАНДЫҚ  АТАУЛАРЫ:

1.     5В010400-Бастапқы әскери дайындық

2.     5В010800-Денешынықтыру және спорт 

3.     5В010600-Музыкалық білім  

4.     5В040400-Дәстүрлі музика өнері 

5.     5В040300-Вокалдық өнер 

6.     5В010700-Бейнелеу өнері және сызу

7.     5В042100-Дизайн 

8.     5В041700-Сәндік өнер 

9.     5В040700-Актерлық өнер 

10.   5В040900-Хореография

11.   5В012000-Кәсіптік оқыту 

 

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ

Факультет бойынша жалпы саны 50 аудитория мен арнайы мамандандырылған шеберханалар, ашық спорт алаңы, спрот зал, гимнастика залы, бокс залы, күрес залы, қызмет жасайды.

Мамандықтар студенттеріне әртүрлі байқаулар мен конкурстарға, спорттық жарыстарға, көрмелерге қатысуға жағдайлар жасалған. Студенттер аудиториядан тыс әртүрлі спорттық секцияларға, «Суретші», «Тенгри», «Атамұра», «Дефиле дизайн» «Мерген» студенттер үйірмесіне қатыса алады. Ғылыми, оқу-әдістемелік кеңестер алу кабинеттерінде әртүрлі әдістемелік көмектер ала алады. Сол сияқты соңғы компьютерлік техникамен жабдықталған «Компьютерлік графика» сыныбында компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасап, интернет қызметін тегін пайдалана алады. Сонымен бірге асханалар студенттерге сапалы қызмет көрсетеді.

ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫ ТУРАЛЫ

Абусеитов Бегахмет Зайнидинұлы 1972 жылы 28 сәуірде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында  дүниеге келген.1989 жылы  N169  орта  мектепті  бітірді.    1989 жылы Қазақтың мемлекеттік дене тәрбиесі мәдениеті институтына түсіп, 1993 жылы аталған институтты бітіріп «Дене тәрбиесі мәдениеті оқытушысы, жаттықтырушы» мамандығын алды.

Еңбек жолын 1993 жылы Қызылорда обл. Жаңақорған ауданының М.Қаратаев атындағыN51 орта мектебінде  оқытушы қызметінен бастады. 2000 жылы ОҚО Түркістан қаласындағы Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада ізбасарларын даярлайтын спорт мектебінде аға жаттықтырушы.

2001 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқытушы, аға оқытушы және доцент қызметтерін атқарды. 2007 жылы еркін күрестен Азия чемпионын дайындағаны  үшін ҚР Құрметті Спорт Қайраткері  берілді.

2008 жылы педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алды.

2009 жылы «Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене  мадениетін қалыптастыру» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.  25 -ғылыми мақала, 3-оқу құралы жарық көрген.

2008-2012 аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде спорт клуб торағасы, «Бастапқы әскери дайындық және денешынықтыру» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап «Өнер» факультетінің  деканы қызметін атқаруда.