ПРОДЮСЕРЛІК ОРТАЛЫҚ.

ПРОДЮСЕРЛІК ОРТАЛЫҚ

Университетіміздегі  мереке күндергі іс-шаралардың өткізілуі және талантты студенттерді өнерге баулып жарыққа шығару негізгі мақсаты. Университетіміздің Мәдениет орталығында өткізіліп жатқан мерекелік концерттердің барлығы осы орталықтың сараптамасынан өткізіліп сахнаға шығарылады.

«БИ СҰЛТАН» БИ АНСАМБЛІ

Халықаралық байқауларда жеңімпаз атанып жүрген «Бисұлтан» би ансамблі 2003 жылы өнерлі жастардан құрылды. Бүгінде ансамбл құрамында 20 биші өнер көрсетеді. Ансамблдің репертуарында қазақ және түркі тілдес халықтарының билері бар. «Бисұлтан» би ансамблі 2003 жылы Халықаралық «Шабыт» өнер байқауына қатысып, би саласы бойынша бас жүлдені иеленді. Түркіменстанда өткен «Аваза-2010», «Аваза-2012» Халықаралық ән, би фестивалінде І орынды иеленді. 2010 жылы «Бисұлтан» би ансамблі Турдиева Азизаның жетекшілігімен Түркияның бірнеше қалаларына концерттік бағдарламамен гастрольде болып, Анкара, Қайсері, Адапазар, Кірбіс қалаларында өнер көрсетті.

«ДОСТЫҚ» БИ КОМПОЗИЦИЯСЫ

2009 жылы 29 ұлт пен ұлыс өкілдерінен құралған «Достық» би композиясы құрылды. 2011 жылы Түркияның бірнеше қалаларында өнер көрсеткен «Достық» би композициясы университетіміздің мақтанышы.

Халықаралық, Республикалық байқауларда жеңімпаз атанған өнерпаздарымыз бен спорт саласында үлкен жетістікке жетіп жүрген спортшыларымыз университетіміздің абыройын асырып, даңқын аспандатуда.