СТУДЕНТТЕР ПІКІРІ

ШОЙБЕК АЗАМАТ МАРАТҰЛЫ, Медицина факультетінің 1 курс студенті,ЖМ-405 тобы:

-Киелі қаладағы қара шаңырақ саналатын М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебін үздік бітіріп, осы оқу жылында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінің студенті атандым. Мектепте мені үкілі үмітке балап, білімін аямаған ардақты ұстаздарымның еңбегін еш етпей толықтырып, еліміздің қажетіне жарайтын білікті маман болып шығу менің арманым! Сол арманға жетелейтін мен таңдаған мамандық медицина. Осы киелі шаңырақта білім алып жатқаныма қуанамын!

Міне студент болып білім алып жатқаныма 1 айдан асты.

Университеттің материалдық базасы, мол кітап қоры бар кітапханасы және білікті де білімді оқытушылардың болуы студенттердің жоғары дәрежеде білім алуының кепілі. Мен халықаралық стандартқа сай білім беретін оқу орнында білім алып жатқанымды мақтан етемін!!!

 

Кәсіби бағдар бөлімі.